Тәрбие бөлімі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша «Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернаты» КММ 2024-2025 оқу жылына ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ (DOCX 58 Kb)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023-2024 оқу жылының үйірмелер кестесі (DOCX 15 Kb)

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша «Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернаты» КММ 2023-2024 оқу жылына ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ (DOCX 78 Kb) 

 

 

https://www.facebook.com

 

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

 

https://www.facebook.com

  

https://www.facebook.com

 

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

 

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

Xаттама мектепішілік 1 жиналыс (ZIP 13 Kb)

Мектепішілік ата–аналар жиналысы (ZIP 11 Kb)

қатысу парағы (ZIP 12 Kb)

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com 

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com 

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

 https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

 

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

 

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

https://www.facebook.com

 

«СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Тимирязев ауданының білім бөлімі» КММ «Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп–интернаты» 6.10.2022 жыл Жалпы мектепішілік ата–аналар жиналысы

№ 1 ХАТТАМАСЫ

Қатысқандар: 60

Күн тәртібінде:

1. Жаңа оқу жылының басталуы

а) мектеп ережесімен таныстыру;
б) мектеп формасына қойылатын талаптар.

2. «Баланың бас ұстазы – ата–ана»

3. «Ерте жастағы жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны» баяндама. Шағын видио.

4. «Зиянды заттар» баяндама.

5. «Тұмауға қарсы вакцинация» шағын лекция.

6. Әртүрлі мәселелер

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры

Даирова Р.Б сөз алды.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Иманкулова А.Қ

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Мухамедина А.А.

Мектептің психолог–ұстазы: Жармағамбетова А.М.

Мектептің әлеуметтік ұстазы: Карменхан Д.

Мектептің медбикесі: Қыпшақпаева Э.М

Ата–аналардың ұсынысы:

1)    Драма ұйымдастыру

2)    Поэзия кешін өткізу

3)    Жобаларға қатыстыру

4)    Барлық мектеп қызметкерлері қазақша сөйлеу

Тәрбие жоспар 2022–2023 ТМИ (ZIP 65 Kb)

«Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп–интернаты» КММ 2022–2023 оқу жылына арналған жасөспірімдер арасындағы терроризм мен діни экстремизмнің алдын–алу іс–шараларының жоспары (ZIP 16 Kb)

Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатының 2021-2022 оқу жылында жүргізілген тәрбие жұмысының есебі (ZIP 53 Kb)

Құрметті балалар, достар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын!Жұртымыз,еліміз тыныш,деніміз сау,басымыз аман,жұмысымыз жемісті болсын! Мектеп оқушыларын бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын. Жас ұрпақ, жас буын, жасөспірімдеріміз аман болсын!!!

#балаларжылы
#бақыттыбалалықшақ
#балаларкүні

Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Балалар жылы аясында, балалар күніне орай «Бақытты балалық шақ» атты балаларға арналған іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар " Тәттіні тасымалдау" ойын ойнап, сөз жұмбақтар шешті. Сондай-ақ" Әрқашан күн сөнбесін " әнін айтып би биледі.

Балалар далада асфальт үстінде әр түрлі- түсті бормен сурет салып өнерлерін паш етті.

Оқушыларға түрлі тәтті сыйлықтар тарту етілді.

#балалар_жылы
#1маусым_балаларкүні
#бақытты_балалық_шақ

Балалар жылы аясында, мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары "Халықаралық Балаларды қорғау күніне " арналған аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік іс-шараның өтуіне өз үлестерін қосты.Мектеп тәлімгері Алия Кайргельдиновна аудан балаларына ептілік пен шапшаңдықты дамытуға арналған "Қырықаяқ " қызықты ойынын өткізіп, "Кербез" бишілер тобы қазақ биін мың бұрала билеп,заманауи билерден шашу шашты.

#балаларжылы
#балаларкүні
#балабарбайлығымыз

Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай - ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.
Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз!
Біз бүгін " Еркетай"

шағын орталығының бүлдіршіндерін "Балалар күнімен" құттықтап тәтті сыйлықтармен қуанттық.

#балалар_жылы_2022
#балалар_күні
#бақытты_балалар

Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатында "Менің туым- менің мақтанышым" жобасы басталды.

#менің_туым_менің_мақтанышым
#балалар_жылы_2022
#патриоттық_айлығы
#рухани_жаңғыру
#қр_рәміздеріне_30_жыл

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Тайжанов Ерлік Серікбайұлы мектебіміздің мұғалімдерімен референдум қарсаңында, Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша түсіндірме жұмысын өткізді. Сонымен қатар, мәжіліс депутаты мектебімізде орналасқан «Өлкетану» мұражайымен танысты.

#ЖаңаҚазақстан
#Конституция2022
#janaqazaqstan

Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернаты "Флаг в окне" челленджіне қатысады.

#ҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікрәміздеріне30жыл
#30летиегосударственныхсимволовРК

Балалар жылы аясында мектебіміздің 3-сынып оқушысы Қабдұлқадыр Шыңғысханали мен 4-сынып оқушысы Марат Даниял «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығында» демалып келді. Оқу-сауықтыру орталығында алған әсерлері өте жақсы. Осындай мүмкіндік сыйлап, оқушылардың жақсы әсер алуына ат салысқан аудандық білім бөліміне, барша ұйымдастырушыларға алғыс білдіргіміз келеді.

#балаларжылы
#демалыс
#бөбекоқусауықтыруорталығы

4 маусым- Мемлекеттік рәміздер күніне орай оқушыларға аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер жөніндегі білімдерін кеңейту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

#ҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікрәміздеріне30жыл
#30летиегосударственныхсимволовРК

Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл

Жыл сайын 4 маусымда атап өтілетін Мемлекеттік рәміздер күні - ұлт мерекесі, ел Тәуелсіздігінің құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау. Кез келген мемлекеттің міндетті атрибуттары - Елтаңба, Ту, Әнұран, оның бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің тарихы еліміздің жаңа тарихымен тығыз байланысты.

1992 жылдың 4 маусымында алғаш рет еліміздің жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Оларды құрметтеу- әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн – Біздің ұлттық игілігіміз, ел тарихына, мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген терең құрмет көзі болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер бізді еліміздің тарихи кезеңдеріндегі ең маңызды сәттерде – ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін біріктіріп келеді.

Мемлекеттік рәміздер мемлекет Басшысы жүргізіп отырған саясаттың негізінде алынған құндылықтарды бейнелейді. Бұл-ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік және келісім.

Сондықтан Мемлекеттік рәміздер мемлекетіміздің әрбір азаматтары үшін, өскелең ұрпақ үшін үлкен адамгершілік тұрғыдағы маңызға ие.

Биыл мемлекеттік рәміздерімізге 30 жыл толуына орай,мектеп мұғалімдері мен оқушылары еліміздің әнұранын орындады. Осы мереке күні баршаңызға амандық, бақыт, бейбітшілік тілеймін! Біздің Отанымыз-Қазақстан гүлдене берсін, оның тәуелсіздік туы биік болсын!

#ҚазақстанРеспубликасыныңрәміздеріне30жыл
#меніңрәміздерімменіңмақтанышым
#меніңтуымменіңмақтанышым

 

Егемен елдің бет-бейнесі іспетті өткені мен болашағын байланыстыратын басты құжаттырдың бірі – рәміздер.Рәміздер мемлекеттің паспорты.Оны құрметтеу әр азаматтың борышы.Қоғамымыздың әрбір мүшесі еліміздің рәміздерін мақтаныш тұтып, қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Өскен, дамыған елдердің азаматтары осылай қалыптасады.

Бүгін Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық іс-шараға мектебіміздің ұжымы да бірдей ат салысты.

ҚазақстанРеспубликасыныңрәміздеріне30жыл

#меніңрәміздерімменіңмақтанышым
#меніңтуымменіңмақтанышым

Алматы қаласында өткен «Дзю-до» күресінен кіші жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнирде мектебіміздің оқушысы Мұратқан Мансұр жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Жас спортшымыз Мансұр мен жаттықтырушысы Еркебұлан Мұратқанұлын жеңістерімен құттықтаймызЕліміздің туын көкте желбіретер спортшы болуына тілектеспіз

Бүгін елімізде президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен конституциялық өзгерістер бойынша жалпыұлттық референдум өтуде.

Референдум өз уақытында қабылданды. Халық қуана қолдауда. Мемлекеттік Тілге басты басымдылық, ұлттық қауіпсіздіктің қорғалуына назар аударып, ұлттық өркениеттің Жаңа Қазақстанның ел сенімінен шығатын Заң болады деп сенім артамыз. Біз Президент ұсынған референдумға өзгерістер енгізу туралы шешімін қолдаймыз. Және мектеп ұжымы бір ауыздан референдумға қатысты. Өз таңдауларын жасады.

#Референдум
#Бізқолдаймыз

Мөлдір,бұлтсыз ашық аспан күмбезің,

Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.

Адалдық пен пәктік көңіл нышаны

Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.

Көгілдір түс мөлдір,таза пәктігім,

Ырымдады болса екен деп сәтті күн.

Бейбітшілік,тыныштықтың нышаның,

Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.

Өрнексіз тұр қолтаңбасы дәуірдің,

Қадам бастық,артта қалды ауыр күн.

Қазағымның ұлттық «Қошқар мүйізі»

Әлі күнге көкейінде бауырдың.

Қазағымызға таныс өрнек ежелден

Қуат берген, зұлымдықтан жебеген.

Қастерлеген «Қошқар мүйіз» өрнегін,

Қасиеттің бір күніне теңеген.

Қыран құстай маңғазы да қырағы

Болса екен деп Бейбітшілік тұрағы,

Сондықтанда да көк туымда қалықтап,

Қыран бүркіт қанат жайып тұрады.

Өр қанатты сұңқардың

Қанатымен шырқар кім?

Қазақстан Отаным,

Әлем білген атағын.

Жарқыраған әр танды

Мемлекеттік Елтаңба.

Халқымыздың бейнесін

Кең таныта өрлесін.

#ҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікрәміздеріне30жыл
#30летиегосударственныхсимволовРК

Тимирязев ауданында,Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатында 2022 жылдың 11-20 мамыр аралығында «Шағын жинақталған мектептің біріктірілген сынып-жинақтарында пәндерді оқыту әдістемесі» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтті. Курс барысында Асем Еділжанқызының ұсынысымен мектебіміздің мұғалімдері шеберлік сыныптарын көрсетті. Тарих пәні мұғалімі Даиров Берік Өтегенұлы 11-сыныпта «Атлах шайқасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

11- сынып оқушылары орыс тілі пәнінен мемлекеттік емтихан тапсыру үстінде.

Оқушыларымызға тек сәттілік тілейміз!

#11сынып
#мемлекеттік_емтихан
#біздің_түлектер

Мектебіміздің психологы Алтын Маралқызының тарапынан 11- сынып оқушылары үшін " Ғажайып алаң" атты тренинг өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын, ой-қиялдарын дамыту. Шығармашылық кабілеттерін арттыру. Жылдамдығын, шапшаңдығын әрі қарай дамыту.

#балалар_жылы_2022
#психологиялық_тренинг
#11_сынып
#түлектер_2022
#ҰБТ_2022

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РЕФЕРЕНДУМ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ.

Үндеуде ел Президенті:

"Кеше елімізде айрықша мәні бар тарихи оқиға болды. Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды.

Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді" - дей келе референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халқымызға зор ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғысын жеткізді.

#референдум

Ата-аналар үшін өте МАҢЫЗДЫ КЕҢЕСТЕР!!!

"Туберкулез", "Гепатит В", "Полиомиелит", " Қызылша" ауруларынан екпе қоюдың маңыздылығы туралы ақпарат.

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КӨРІҢІЗДЕР!

#балаларжылы2022
#баладенсаулығы
#атааналарғакеңес

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1209014303200086&id=100022745829643&__cft__[0]=AZUbNcWF5I1SyUASZoo78CLy2ksjHpTQ_M71S7VuCcADCbKEuz9kF-X7F2oKdajtuMTFnpx1a1L92AicIc48yKrwL7ttIYMdpxkfgEmAslY8bbLMR5lb8pZuJzndWhdQBrshRV-7_TCUVXfhXBIpQUNv5rRIE3bXqUMdbbsFPiaJBw&__tn__=%2CO%2CP-R

Мектеп алды даярлық топ тәрбиеленушілері болашақ 1-сынып оқушылары 1-сыныпқа дайындық жұмысын бастап кетті. Сынып жетекшілері Ботагөз Абдировна оқушылармен жан-жақты жұмыс жүргізуде.

#балаларжылы
#дайындықжұмысы

7- маусым Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай мектебіміздің әлеуметтік ұстазы Дина Карменханның тарапынан салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында: жасөспірімдерге әлемдегі алаңдатып отырған нашақорлық, ЖҚТБ, арақ темекі сияқты зиянды әрекеттердің алдын-алу жөнінде дәрістер, ақыл кеңестер беріліп, сурет салу байқауы өтті.

#балалар_жылы_2022
#нашақорлық_күні
#зиянды_заттар

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1209077169860466&id=100022745829643&__cft__[0]=AZViZ3loNEC6GLQOMeCTBekLfvVQA50LA0cnoLJAvHl0HRimGyKzYDfKhShJBhiAw12QUWjtZFDjBeuqJ6zb4A3goVwvvPTYgh3KqCU4KFJhPr_rFWluXD1-JtvfaVowZ7kuFQiLOhdaKm1KFbMOvN0rhiMkV1SX0sUTcyrM9TYIdA&__tn__=%2CO%2CP-R

Бүгін " Еркетай" шағын орталығының тәрбиешісі Асем Маралқызының ұйымдастыруымен ересек тобының бүлдіршіндері үшін "Қош бол, балабақша!" атты іс-шарасы өтті.

Шара барысында балалар ән айтып би биледі. Сондай-ақ ойын ойнап тәтті сыйлықтарға ие болды.

Асем Маралқызы бүлдіршіндерді арнайы дайындаған диплом қағазымен марапаттап, сыйлықтар тарту етті.

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін мезгіл. Тоғыз ай білім нәрімен сусындап, жадыраған жазға жеткен оқушыларды қызыққа толы демалыс өткізетін лагерь құшақ жая қарсы алады. Балалар жылы аясында бүгін мектеп жанында орналасқан «Айгөлек» жазғы лагерінің ашылу салтанаты өтті. Биылғы жазғы лагердің ерекшелігі- алғаш рет киіз үйде ұлттық нақышта,ерекше бағдарламада өткізіліп отырғандығы. Балаларымыз үшін келесі бағдарлама әзірленген:

✓ Кітап оқу күні(ертегі, аңыздар, жырлар оқу, әр түрлі ойындар, қызықты сайыстар т.б)

✓ Ұлттық тағамдар күні(ұлттық тағамдар туралы ақпарат, бауырсақ пісіру, әр түрлі қызықты ойындар т.б)

✓ Ұлттық спорт күні (асық ату, тоғызқұмалақ ойнау, қол күрес т.б спорттық жарыстар)

✓ Шеберлік күні*(қолөнер бұйымдарымен таныстыру, қолөнер бұйымдарын жасап көрсету, сән үлгілері, ұлттық киімдер туралы ақпараттар, әр түрлі қызықты ойындар т.б)

✓ Ұлттық музыка күні(ұлттық аспаптарда ойнау, домбыра тарту, әр түрлі күйлер ойнау, ән жаттау, хор т.б)

Алдағы уақытта жазғы лагердің ерекше форманы дәстүрге айналдыру жоспарда бар.

#жазғылагерь
#балаларжылы

Бүгін мектебіміздің 9- сынып оқушыларына " Негізгі орта білім беру аттестаттары" табыс етілді.

Мектеп директоры Римма Байкенқызы түлектерді құттықттап жылы лебізін білдірді.

Ата-аналар атынан түлектерді Жанна Арыстанқызы және Ақсұлу Асанқызы құттықтады.

Кантарова Айсамал 9- сынып оқушылары атынан сөз сөйлеп, барлық мектебіміздің ұстаздарына алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ ата- аналар арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

9- сынып оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта тек қана сәттілік тілейміз!

Еліміздің нағыз бетке ұстар азаматтары мен азаматшылары болыңдар!

#балалар_жылы_2022
#9_сынып
#негізгі_білім_беру_аттестаты

«Айгөлек» жазғы лагерінің екінші "Ұлттық тағамдар" тақырыбында өткізілді. Балаларға ұлттық тағамдардың түрлері туралы ақпарат айтылып, видеолар көрсетілді. Киіз үйдің ішінде бауырсақ пен қымыздан дәм татып балалар уақытты тиімді өткізді. Бауырсақ пен қымыздың жасалу жолдары түсіндірілді. Әр түрлі ойындар ойнатылып, балалар уақытты тиімді әрі қызықты өткізді. Балаларға ұлттық сусынымыз қымыздың дәмін ұсынған Курманов Мұратқан ағамызға алғыс білдіреміз. Ағамыздың отбасына тек жақсылықтар мен қуаныштар тілейміз.

#балаларжылы
#жазғылагерь

«Айгөлек» жазғы лагерінің үшінші күні "Ұлттық спорттық ойындар" тақырыбында өткізілді. Балаларға ұлттық ойындар туралы ақпарат айтылып, видеолар көрсетілді.

Нұрым Сағынбайұлы, Аманбек Ахметұлы және Еркебұлан Құрманұлы балаларға " Арқан тарту", " Асық ату", "Тоғызқұмалақ", " Қол күресі", " Ақ серек, көк серек" ж.т.с.с. қазақ ұлттық ойындарын көрсетіп ойнатты.

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, тақия тастамақ ойындары арқылы балалрға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз!

#балалар_жылы_2022
#жазғы_лагерь

"Айгөлек" жазғы лагерінің қатысушыларына Ботакөз Қайырқызының ұйымдастыруымен

"Заманауи үлгідегі қазақ киімі" және " Заманауи шаш үлгісі" тақырыбында мода көрсетілді.

Ботакөз Қайырқызына қызықты шара ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз!

#балаларжылы
#жазғылагерь

Білімді ұрпақ - іргелі елдің болашғы!

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Бүгін мектебіміздің 11-сынып түлегі Алишер Кашшариповке аудан әкімі Жаров Ерлан Қайырұлы «Алтын белгі» төсбелгісін салтанатты түрде табыстады. Және де арнайы аудан әкімі өз атынан ақшалай грант табыс етті. Қолдау көрсеткені үшін аудан әкімі Жаров Е.Қ алғыс білдіреміз. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан "Райымбек и К" Нұрахметов Д.С, жеке кәсіпкер Байгужинов С.К, Амиркин К. ақшалай сыйлық табысталды. Демеушілік еткен ағаларымызға алғыс білдіреміз. Іс-шараға мектебіміздің оқушылары белсенділік танытып қатысты.

#Алтынбелгі
#балаларжылы

Жазғы лагерінің төртінші күні " Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері" тақырыбында өткізілді.

Тақырыпқа байланысты балаларға ақпараттық бейнематериал көрсетілді.

Технология пәні мұғалімі Болат Зейкенұлы балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп бұйымдардың жасалу жолдарын көрсетті.

#балалар_жылы_2022
#жазғы_лагерь

Міне, қызығы мен қиыншылығы мол, қайталанбас тарихқа толы тағы бір оқу жылы аяқталып қалды. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасып отыр. Бұл күн-мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.Бүгін мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанатыөтті. Бүгінгі салтанатты кеш ел абыройын асқақтатқан ұстаздар мен ата - аналар еңбегін төрден танытқан талапты ұл - қыздардың, яғни биылғы түлектеріміздің құрметіне арналды. Биылғы кештің орны айтарлықтай ерекше, себебі Мемлекеттік емтиханның қорытындысы бойынша мектебіміздің түлегі Кашшарипов Алишер «Алтын белгі» иегері атанып отыр. Бұл ұстаздар мен ата - аналардың үкілеген зор үмітін ақтады деген сөз. Түлектерімізге ақ жол тілеймізАлдағы сыннан сүрінбей өтіп, арман-мақсаттарына жете берсін

Бүгін " Айгөлек" жазғы лагері " Қазақ халқының ұлттық музыка өнері мен салт- дәстүрлері" тақырыбында өткізілді.

Ботакөз Қайырқызының ұйымдастыруымен балаларға " Тұсау кесу", және " Бесікке бөлеу" ұлттық салт-дәстүрлері көрсетілді. Дәстүрлерді көрсетіп қана қоймай, әр дәстүрдің мән- мағынасын ашып түсіндіріп өтті.

Ал Ақылбек Батырханұлы қазақ музыкалық аспаптары: домбыра, қобыз бен таныстырып, жасалу жолдары мен құрылысына тоқталып өтті.

Халық әнінен, заманауи әннен домбыраның сүйемелдеуімен бірнеше әндер орындап берді.

Домбырада Гүлмаржан Бүркітбайқызы екеуі " Еркесылқым" күйін орындап, балаларға ән-жырдан шашу шашты.

Мақсаты:

1. Оқушыларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі туралы түсінік беру. Қазақтың салт-дәстүрлерін оқушылардың бойына сіңіру.

2. Оқушылардың өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

3. Балаларды ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

#балалар_жылы_2022
#жазғы_лагерь

«Археологиялық демалыс – 2022» Ынтымақтастық және облыс мектептеріндегі өлкетануды оқытудың әдістемелік қамтамасыз ету аясында «Білім берудегі әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы», «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығымен» бірлесіп, биыл алғаш рет «Ботай» қонысы мен «Қызыл оба» мазарында тарих және география пәні мұғалімдеріне арналған археологиялық қазба жұмыстарын ұйымдастырды.2022 жылдың 19 маусымы мен 29-ы аралығында мұғалімдердің бірінші тобы жұмыс істей бастады, үш мезгіл тамақ ішу, тегін тұру, семинарлар, камералдық бөлмеде археологиялық жәдігерлерді зерттеу және т.б. қызықты, мұғалімдерге пайдалы іс шаралар ұйымдастырылуда. Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Ескендиров Қанат Зиятұлы қазба жұмыстарына қатысуда.

#ботайқорығы

Келе жатқан " ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ" мерекесімен құттықтай отыра Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернаты “Күмбірле, шырқа домбыра!” атты челленджінің эстафетасын Дмитриев ауылдық округінің домбырашыларына жолдайды.

#ұлттық_домбыра_күні

#домбыра_челлендж

#Тимирязев_ауданы

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1217652805669569&id=100022745829643&__cft__[0]=AZXdM0dX9HCt6403nN0_XkV7cnYArt07y_32avx3uspdaF0CmC0t5IsjAr7_s1uZ5KJ4d25IzF78hCDMY5CeFFYi34QVRT_tab_XnnUMgNpc-nSUyT3XIj2NEeC7AwrhINeblqECJGMXR2Qd6hN1BAjZ4bQMuDI2vYhmcXcWCQb64w&__tn__=%2CO%2CP-R

"Мобильді көзқарас: жаздың бір күні"

«Мобильный взгляд: один день из лета»

#Балаларжылы
#Годдетей
#өзін_өзібасқару
#школьное_самоуправление
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1217876378980545&id=100022745829643&__cft__[0]=AZUv9ENRu8C2TQdqAwoYGQNVJKTvaH4320TusAf_1ZR4CJ-GT6qDd1KEBbri5qczOlMV5doEQZRzXqycPoSM1BbkFv3MCrGBuo4qejLUOOMoyIhnEcrXEY8Ds8VVQukEei_xUkB_5UJdwFXPJXptjV2_sXp0QFnI69ClS38kLli8kQ&__tn__=%2CO%2CP-R

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» — 2022

Тимирязев аудандық мәдениет үйінде "Мерейлі отбасы- 2022" ұлттық байқауы болып өтті. Байқауға Мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Саят Байгужинов және даярлық топ мұғалімі Асель Байгужинова отбасымен қатысты.

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей Отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын.

Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.

Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол

әр ата – ананың міндеті болып табылады.

Тұңғыштары Айгерім мектеп табалдырығын біздің мектепте аттап, биылғы жылы Петропавл қаласындағы БИЛ мектебін қызыл аттестатқа тәмамдады.

Аталмыш отбасы жалпы бала тәрбиесіне жан-жақты қарай отырып, бала бойына қажет әже тәрбиесінің берілуіне де үлкен мән береді. "Мерейлі отбасы" байқауының облыстық кезеңіне белсенді қатысқаны үшін Байгужиновтер отбасы сертификатпен және арнайы сыйлықпен марапатталды.

Отбастарыңызға амандық тілеймін!

#МЕНІҢ_ОТБАСЫМ
#БАЛАЛАР_ЖЫЛЫ
#Ұлттық_тәрбие

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» — 2022 «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» — 2022

«Айгөлек» жазғы этномәдени лагері

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін мезгіл. Тоғыз ай білім нәрімен сусындап, жадыраған жазға жеткен оқушылар үшін жазғы лагерь демалыс уақытын тиімді әрі қызықты өткізудің бірден-бір жолы. Жадырап жаз келгенде оқушылардың басым көпшілігі лагерьлерде демалуды қалайды. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп біз лагерьге барамыз» деп балалық шақтың көңілді сәттерін қуаныш пен шаттыққа ұласқан естеліктерге толтырады. Ата-аналар да балаларының бос уақытын тиімді өткізуі маңызды екенін алға тартады.

Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатында «Балалар жылы» аясында «Айгөлек» жазғы этномәдени лагері ұйымдастырылды. Лагердің мақсаты – балалардың жазғы демалысын тиімді әрі қызықты өткізу. Сонымен қатар, балалардың бойында қазақ халқының салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, ұлттық ойындары мен тағамдарына, ұлттық музыка мен қолөнерге деген қызығушылықтарын ояту. Биылғы жазғы лагердің ерекшелігі - алғаш рет киіз үйде ұлттық нақышта, ерекше бағдарламада өткізіліп отырғандығы. Балаларымыз үшін келесідей бағдарлама әзірленген. Кітап оқу күні балалар ертегі-аңыздар, жырлар оқып, әр түрлі ойындар ойнап, қызықты сайыстарға қатысты. Ал, ұлттық тағамдар күні балаларға ұлттық тағамдар туралы ақпарат беріліп, тақырыпқа сай бейнежазбалар көрсетіліп, сұрақ-жауап өткізілді. Киіз үйдің маңында ұлттық тағамымыз бауырсақ пісіріліп , балалар бауырсақ пен қымыздан дәм татты. Ұлттық спорт күні балаларымыз асық ату, тоғызқұмалақ ойнау, қол күрес, арқан тартыс сияқты спорттық жарыстарға қатысты. Шеберлік күні балалар қолөнер бұйымдарымен танысып, қолөнер бұйымдарын өздері жасап көрді. Ұлттық киімде қыздарымыз сән үлгілерін таныстырып өтті.Ұлттық музыка күні балалар ұлттық аспаптар туралы ақпарат алып, ұлттық аспаптарда ойнап, домбыра тартып, әр түрлі күйлер орындады. Қазақ халқының халық әндерін орындады.

Жаздың жайдары күндері балаларымыз үшін өте қызықты әрі тиімді өтіп жатқандығы қуантады. Алдағы уақытта жазғы лагерді өткізудің ерекше формасын дәстүрге айналдыру жоспарда бар.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады.

Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.

Осы мақсатта мектебімізде «Тәрбиенің ең үздік мектебі- Отбасы» атты мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде:

✓Мұражайға саяхат.

✓Педагог мәртебесі. Мектеп директоры - Даирова Р.Б

✓Мемлекеттік емтихандар. Оқу орынбасары -Сулейменов Б.М

✓Бала.Отбасы.Мектеп. Тәрбие ісі орынбасары - Иманкулова А.К

✓«Зорлық –зомбылықтың алдын алу» жұмыстары Әлеуметтік педагог Карменхан Д

✓«Ерте жастағы жүктілік» алды алу жұмысы. Психолог Жармагамбетова А.М

✓Мектеп формасы мәселелері қарастырылды.

Жиналыс ата-аналардың мектепте орналасқан Өлкетану мұражайынан басталды. Мұражай экспозицияларымен танысқан ата-аналар өз әсерлерімен бөлісті. Жиналыс күн тәртібі бойынша жалғасын тапты.

#балаларжылы
#жиналыс
#руханижаңғыру

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1183671892400994&id=100022745829643&__cft__[0]=AZXrhBp-LqYVOS9sRCiAtg4IGk2YJA-EnQoh07u7KI90A3eAgfYLm50HF_ZTOqiXHIPn61sqqf0Qimtry4Eo3ZgtUZsp13ljFTgvQxFqU5o4H6zObg-OQnkWlB09RhGvCGpC2-jZ_AQmeiOCLtRAenaNrfZcA4dkZE1eXrh4PKBq4w&__tn__=%2CO%2CP-R

Аудандық мәдениет үйінде өткен бірлік күніне арналған мерекелік іс-шараға мектебіміздің оқушылары мен мұғалімдері белсене қатысты. Әр түрлі қолөнер бұйымдарынан көрме көрсетілді.

Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт пен шаттық, мол табыс тілейміз!

#бірліккүні

#балаларжылы

#руханижаңғыру

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Осы мақсатта, мектебімізде аудандық прокуратураның аға прокуроры Усенкова Д.Н., аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Айдамиров Д.Э. қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде ерте жастағы жүктіліктің алдын алу» мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу, оны бұзу - жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі түсіндіреміз.

Бүгін мектебімізде Балалар жылы аясында ,

ҚР Қарулы Күштеріне 30 жыл , Талғат Бегельдиновтың 100 жылдығына орай, 7-9- мамыр мерекелері қарсаңында 1-4 сынып оқушылары арасында Патриоттық әндер шеруі ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.

Шара соңында барлық сыныптар белсенді қатысқандары үшін мадақтау қағазымен марапатталды.

#қарулыкүштер30жыл

#балалар_жылы_2022

#рухани_жаңғыру

#патриоттық_айлығы

#отан_қорғаушылар_күні

#жеңіс_күні

Бүгін мектебімізде Балалар жылы аясында, Талғат Бегельдиновтың 100 жылдығы,

ҚР Қарулы Күштеріне 30 жыл толуына орай, 7-9- мамыр мерекелері қарсаңында 5-11 сынып оқушылары арасында Патриоттық әндер шеруі ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.

Шара соңында барлық сыныптар белсенді қатысқандары үшін мадақтау қағазымен марапатталды.

Сондай-ақ 10- сынып оқушылары Уваис Мирас пен Айбек Айсұлтанға "Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу" туралы куәліктері табыс етілді.

#қарулыкүштер30жыл

#балалар_жылы_2022

#рухани_жаңғыру

#патриоттық_айлығы

#отан_қорғаушылар_күні

#жеңіс_күн

Бүгін мектебімізде Балалар жылы аясында,

ҚР Қарулы Күштеріне 30 жыл толуына орай, 7-9- мамыр мерекелері қарсаңында 7-10 сынып оқушылары арасында " Жігіт сұлтаны" сайысы өткізілді.

Сайыс мақсаты: Оқушыларымызды батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сайыс барысында оқушыларымыз өнерлерін көрсетіп, өздерінің дайындаған бейнероликтерін ұсынды, мақал- мәтелдерді айтудан жарысып, салт- дәстүрлерімізге байланысты сұрақтарға жауап берді.

" Жігіт сұлтаны" сайысына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайратына баға беріп, әділ шешімдері үшін бастауыш сынып мұғалімі Сүлейменова Жанар Көшербайқызына, 11- сынып оқушылары Мухамедина Аминаға және Касенова Аққуға алғысымызды білдіреміз!

Сайыс нәтижесінде ІІІ орын иегері 8- сынып оқушысы Мұрат Дарын атанса, ІІ орынды 7- сынып оқушысы Смаил Жантөре және 9- сынып оқушысы Аманжол Әлімжан иеленді, ал жүлделі І орын иесі 10- сынып оқушысы Бағыт Мирас атанды.

Барлық қатысушылар мадақтау қағазымен және смарт- сағаттарымен марапатталды.

#балалар_жылы_2022

#рухани_жаңғыру

#патриоттық_айлығы

#отан_қорғаушылар_күні

#жеңіс_күні

Мектебіміздің психологі Алтын Маралқызының ұйымдастыруымен 0-7 сынып оқушылары үшін " Бала қабілетінің қалыптасу кезеңдері" атты бейнеролик жіберілді.

#балалар_жылы_2022

#бала_психологиясы

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/1012311089490945/

Мектебімізде Балалар жылы аясында,

ҚР Қарулы Күштеріне 30 жыл толуына орай, 7-9- мамыр мерекелері қарсаңында 9-11 сынып оқушылары үшін АӘжТД пәнін ұйымдастырушысы Б.Ө. Даировтың тарапынан Ерлік сабағы өткізілді.

Мақсаты: Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айту арқылы оқушылар бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру

Елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру;

Тарих тағылымынан өнеге алып, ұлттық сананы жаңғыртқан қазақ жастарының ізбасары болу.

Сондай-ақ мектеп кітапханашысы Зарина Сабыржанқызы " Ерлік- елдің қасиеті" тақырыбында баяндама оқыды.

11- сынып оқушысы Жусупов Азаматқа " Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу " туралы куәлік табыс етілді.

#балалар_жылы_2022

#рухани_жаңғыру

#патриоттық_айлығы

#отан_қорғаушылар_күні

#жеңіс_күні

ҚАРТЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ МОЛ

Ұлы жеңістің 77 жылдығы, Отан қорғаушылар күні қарсаңында мектеп директоры Даирова Римма Байкенқызы мен әкімшілік ауданымыздың құрметті азаматы Орлов Юрий Георгийевич, ауданымыздың құрметті ардагері Абжанова Тамара,сонымен қатар мектебіміздің ардагер ұстаздары Сулейменова Батима Кабдуловна,Ескендиров Зият Жансериковичтің шаңырағына барып, келе жатқан мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.Ардагерлер көңіл бөліп келген мектеп директоры мен әкімшілікке алғыс айта отырып батасын берді.

#қарулыкүштерге30жыл

#жеңіскүні

#балаларжылы

Құрметті ауданымыздың тұрғындары, Отан қорғаушылар Күніне арналған құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Келешек ұрпағымызға дейін Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктерін ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Қазақстан әскерлері қатарында қызмет өткеріп жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер – интернационалисттерді, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге тілейтініміз дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік пен болашаққа деген сенімділік! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған аудандық іс-шараға мектеп оқушылары мен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Даиров Берік Өтегенұлы қатысты.

#қарулыкүштер30жыл

#жеңіскүні

#балаларжылы

#Отанқорғаушыларкүні

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

9 мамыр - Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес, сол зұлмат жылдарда Жеңісті жақындату үшін өмірлерін қиған, майданнан оралмай еліміздің берік қорғанындай болып қалған ұл-қыздарымызды еске алатын күн. Сіздердің ерліктеріңіз біздің жадымызда мәңгі сақталады.

Сен құрметте оны...

Сен құрметте оны,

Түсіндің бе, қарағым,

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын,

Кеше елге қатер төнгенде,

Ол жауға қарсы шапты,

Жалмамақ болған біздерді

Өр кеудесімен жапты....

Бүгін 9 мамыр Жеңіс күніне арналған аудандық іс-шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдер белсене қатысты. Оқушылар соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ата-бабамыздың ерен еңбегіне тағзым етті!

#қарулыкүштер30жыл

#жеңіскүні

#балаларжылы

"Контрафатқа жол жоқ!"

"Нет контрафакту!"

Аманжол Алимжан 9-сынып оқушысы

#конкурс_контрафакт_2022

#логотип_контрафакт

"Контрафатқа жол жоқ!"

"Нет контрафакту!"

Абилькина Сабина 9- сынып оқушысы

#конкурс_контрафакт_2022

#видеоролик_контрафакт

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/569490281130513/

Облыстық білім басқармасы ,дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери даярлық өңірлік оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық ұлттық мектеп лигасында баскетболдан ұлдар арасында өткен жарыста Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатының ұлдардан құралған командасы жалпыкомандалық есепте ІІІ орын иеленді. Жас спортшыларды жаттықтырушы Байлин Нұрым Сағымбайұлын және ұлдарды жеңістерімен құттықтаймыз, жеңісті күндеріңіз көп болсын дейміз!!!

#балаларжылы

#спорт

Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері!

Естеріңізге саламыз

Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік сізге жүктеледі.

Күн сайын балаңызға жол ережелері туралы ескертіңіз:

Ересектерсіз жолға шығуға болмайды, егер ересек адаммен бірге келе жатсаңыз қолыңызды босатпаңыз, тротуардан шықпаңыз.

Көшеде​ жай қадаммен, асықпай тротуардың оң жағымен жүру керек.

Жолдан өтер кезде жаяу жүргіншілер тротуарынан бағдаршамның жасыл сигналына барлық көліктердің тоқтағанына көз жеткізіңіз.

Жүріс бөлігі тек көлік құралдарына арналған.

Қоғамдық көлікте қолыңызды немесе қандай да бір заттарды терезеден шығаруға болмайды.

Табиғатқа шыққан кезде мынаны есте сақтаңыз:

Жазғы уақыттағы жорықтар, серуендер мен экскурсиялар кезінде балалардың шомылуына шырмауықтан, балдырлардан және тұнбадан таза, таяз ыңғайлы жер таңдалуы керек.

Су айдындарына ересектер тарапынан қараусыз балаларды жіберуге болмайды.

Шомылып жатқан баланы үздіксіз бақылау керек.

Шомылу кезінде балалардың суға секіруіне және қоршау таяныштарынан немесе жағадан суға сүңгуіне тыйым салу қажет.

Балалардың суда ойнауына жол бермеу керек.

Егер сіз балалармен қонаққа барсаңыз немесе қонақтар келген болса:

Сіздің балаңыз әрқашан ересектердің назарында болуы керек.

Балаларға арналған ойын алаңын зерттеңіз, бұл орынды қауіпті заттардан (өткір, кескіш, сіріңке, токқа қосылған заттар және т. б. босатыңыз.).

Балалар ас үйде, ыстық қазандықтардың жанында, ашық терезелер мен балкондардың жанында ойнап жүрмегеніне көз жеткізіңіз.

Егер балалардың ойын алаңы жолдың жүру бөлігіне жақын болса, балаларға өте мұқият болыңыздар

 

Бүгін мектептің жанын көгалдандыру жұмыстары бойынша біраз жұмыс атқарылды.Мектеп жаны тазаланып,арнайы гүл отырғызуға арналған орныдар дайындалды.Дайындалған жерлерге арнайы пішіндер жасалып,әр түрлі гүлдер отырғызылды. Көгалдандыру жұмыстарына мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері белсене ат салысты.

#мектеп

#көгалдандыру

#жасылел

ҰБТ-2022 ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ТОЛЫ?

Енді талапкерлерге ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік беріледі. Бұл ретте екі мүмкіндікте де тек бір бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады.

Алдыңғы екі ҰБТ-2022 (қаңтар, наурыз) қорытындысы бойынша тестіленушілердің орташа балы 68,5 балды құрады. Қатысушылардың 70%-дан астамы шекті балды жинай алды, ал ең үздік көрсеткіш - 135 балл.

Түлектердің ҰБТ-ға жақсы дайындалуының тағы бір мүмкіндігі – Ұлттық тестілеу орталығының тегін онлайн-сынақ тестілеуін іске қосуы. Онымен қоса ҰТО-мен бірлесіп әзірленген білім беру орталықтарының тегін онлайн сабақтары да жалғасып жатыр.

Академиялық адалдықты сақтау үшін талапкерлердің тест нұсқасы таңбаланады. Ережелерді бұзған және тест тапсырмаларын аудиториядан тыс жерге шығаруға тырысқан жағдайда, Ұлттық тестілеу орталығы ереже бұзушыларды анықтап, оның тест нәтижелерін жояды.

Пәндердің саны өзгеріссіз қалады. Ал тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан - 15, математикалық сауаттылықтан - 15, оқу сауаттылығынан - 20 және екі бейіндік пәннен - 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140.

Ерекше білім беруді қажет ететін талапкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін алғаш рет негізгі 240 минутқа қосымша тағы 40 минут берілді. Сонымен бірге олар үшін тест нұсқалары суреттерсіз, диаграммаларсыз және сызбаларсыз әзірленді.

ҰБТ кезінде компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі және металдардың бірқатар белсенділігі қосылған тұздың ерігіштігі кестесі қолжетімді болады.

Үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат аппеляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

ҰБТ-ға өтініш қабылдау 14 мамырға дейін app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

#ҰБТ

#ЕНТ

Отбасы - ең қымбат және құнды қазына. Жақындарыңыздың қолдауы кез-келген қиындықты жеңуге көмектессін. Отбасындарыңызда тыныштық пен махаббат болсын!

Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөле жүріңіз!

Отбасы күні қатты болсын!

#отбасы_күні

Мектебіміздің әлеуметтік ұстазы Дина Карменханның ұйымдастыруымен оқушыларға " Судағы қауіпсіздік ережелері" тақырыбында брошюралар жіберілді.

#балалар_жылы_2021

#бала_қауіпсіздігі

Мектебіміздің әлеуметтік ұстазы Дина Карменханның ұйымдастыруымен оқушыларға " Судағы қауіпсіздік ережелері" тақырыбында брошюралар жіберілді.

#балалар_жылы_2021

#бала_қауіпсіздігі

Бүгін Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы,«Солтүстік Қазақстан» газетінің директоры Жарасбай Сүлейменов пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Мустафин Сабыр Советұлы мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері үшін референдум алдындағы кеңес өткізді. Кеңес барысында әр түрлі сұрақтар қойылып, толғандырып жүрген мәселелер қозғалды.Қонақтарымыз тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылған өлкетану мұражайын аралап, Жарасбай Сүйлейменов өзінің «Сәулелі ғұмыр » атты еңбегін сыйға тартты.

#референдум

18-мамыр «Түркі жазуы» күні

2014 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің шешімімен 18 мамыр «Түркі жазуы күні» деп жарияланып, Үкімет шешімімен бекітілді. Бұл датаның таңдалу себебі, дәл осы күні ежелгі түркі сөздері жазылған Күлтегіннің көк тасының көшірмесі Моңғолия даласынан Астанаға әкелінген болатын. Көне түркі жазуы - руна немесе сына жазуы деп аталады. Көне түркі жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағында көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгілісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар. Руна жазулары түріктердің атақты билеушілері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөктің құрметіне арналған. Ертедегі түрік жазуын тұңғыш рет ХVІІІ ғасырдың 20-жылдарында І Петрге қызмет еткен неміс ғалымы Д.Мессершмидт пен оған еріп жүрген шведтің тұтқын офицері И.Страленберг Енисей аңғарында ашты. Олар Скандинавияның руналық жазуымен ұқсастығына қарап, оны «руналық» жазу деп атады. Атау онша дәл болмағанымен, қолайлы болып шықты және ғылымда осы атау орнығып қалды. 1889 жылы Н.М.Ядринцев Солтүстік Моңғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазулары бар орасан зор құлыптастарды тапты. Табылған тексті оқудың кілтін алғаш тапқан дат ғалымы В.Томсен, ал жазбаларды алғаш рет оқыған орыс түркологы В.Радлов болды.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/./18-mamyr-kazakparat-atauly...?

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 05 мамыр күні Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды және референдум 5 маусым күні өткізілетін болып белгіленді. Мемлекет басшысы халыққа жасаған бейнеүндеуінде «Ата Заң баптарының үштен бірі өзгереді. Ашығын айтсақ, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сол себепті мен республикалық референдум өткізу туралы бастама көтердім. Өйткені мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс. Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген», - деп атап өтті. Сондай-ақ, Президент құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізілетінін, Конституциялық сот құрылатынын, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни мәртебесі Ата заңмен айқындалатынын, елімізде өлім жазасы мүлде жойылатындығын, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесінің толықтай енгізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашатынын тілге тиек етті. Мектеп ұжымы мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдаймыз және барша қазақстандықтарды еліміз, болашағымыз үшін тарихи бетбұрысқа бастайтын маңызды шараға, халық үніне құлақ асуға негізделген халықтық референдумға белсене қатысып, 5 маусым күні өз таңдауларыңызды білдіруге шақырамыз.

#референдум

#конституция2022

#janaqazaqstan

#rsksko

АТА-АНАЛАР ҮШІН КЕҢЕСТЕР

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ

Бала есейген сайын өз бетінше жүруге құмар болады. Ал ата-аналардың міндеті — баланы өрт кезінде, немесе күмәнді адамдармен кездесу сияқты қауіпті жағдайларда өзін қалай ұстауы керек және не істеуі керек екенін түсіндіріп, үйрету. Балалар психологы және психотерапевті Ольга Пыхова қарапайым ережелерді автоматты түрде жасайтын деңгейге жеткізуді насихаттайды.

1. Баланы қорқытпаңыз

Оған «бір бала орманда жоғалып кетіпті» деген сияқты қорқынышты әңгімелер айтпаңыз. Қорқыныш баланы үрейлендіріп, әрекет етуге шектейді және бәрін бақылауда ұстауға бейімдейді. Бұл әңгімелер оған қауіптің алдын қалай алу керек екенін немесе қиын жағдайда не істеу керек екенін үйрете ме? Әрине, жоқ.

2. Балаға әлем әрқилы екенін айтыңыз

Әлемде зұлымдық та, мейірімділік те бар екенін айтыңыз. Кейбір адамдар екіжүзді болатынын да түсіндіріңіз. Кәмпит беріп, мейірімді көрінетін аға шын мәнінде зұлым болып шығуы мүмкін. Ал асханада үстіңе компот төгіп алған бала – өмірлік досыңа айналуы мүмкін. Мұндай әңгімелер кем дегенде балаға барынша қырағы болуға әрі дұрыс ойлауға көмектеседі.

3. Ережелерді жаттауды барынша қызықты етіңіз

Көп жағдайда балалар не істеуге болмайтынын біледі, бірақ оны қалай істемеу керегін біле бермейді. Қауіпті жағдайға қалған бала абдырап қалмас үшін нақты ережелерді білуі керек. Оларды құрастырғанда нақты бір істерге екпін қойыңыз.

Мектеп жасына дейінгі балаларға ойын түрінде үйретсе тез қағып алады. Мысалы, өрт сөндіруші, полицей және т.б. болып ойнау.

Одан үлкенірек балаларға «Қауіпсіздік сабақтары» қызық болады. Онда арнайы плакаттарды оқып қана қоймай, видеоға түсірілген кейстерді де шешуге болады (бұл балаларға өте ұнайды). Оқушылар қателерді қуана табады және әрекет ету ережелерін жақсы меңгереді.

10 жастан үлкен балаларға қауіпті жағдайларды тудырып, кейін соны талқылауға болады. Жалпы кез келген жастағы балалар қауіпсіздік шаралары мен ережелері жайлы мультфильмдерді көргенді ұнатады.

4. Нақты жағдайларды талдаңыз

Егер өрт болса

Не жағдай болмасын, шығатын жер табу. Кез келген ғимаратқа кіргенде баланың назарын эвакуация жоспары қайда ілініп тұрғанына аудартыңыз, карта бойынша жөн табуды үйретіңіз. Суға малынған мата (орамал, жең, бет орамал) түтінге уланып қалмай, демалуға мүмкіндік береді. Түтіндеу кезінде жүресінен отырып жүру немесе еденде жорғалап жүру керек, себебі төмен жақта түтін азырақ. Өрт кезінде киім-заттарды тастап, тек баспалдақпен түсу қажет. Бәрінен өмір қымбат!

Баланы бөгде адам алып кетпекші

Бөгде адам баланы алдап алып кететін көптеген роликтер ата-аналарды қатты қорқытады. Ал балаларға бәрі қызық. Балаңыз бір жаққа бармас бұрын міндетті түрде сізге ескертуі керек екенін үйретіңіз. Өзіңіз де мұқият болыңыз. Баланың қауіпсіздігіне, әсіресе мектепке дейінгі балалардың қауіпсіздігіне сіз жауап бересіз. Егер балаңызды біреу алып кетпек болса, жанына жақындап, мәселенің анық-қанығын анықтаңыз.

Бала қажет кезде «жоқ» деп айтуға дағдыланса тіпті жақсы. Бөгде адамдардың қандай әрекеттері (мысалы, халық көп жиналған жерден кетуді сұрауы, көндірмек болуы) күмән тудыруы керек екенін айтыңыз. Жетіден асқан балаларға кілтсөз айтуды үйретіңіз, егер кездесу орны өзгерсе хабарласуды үйретіңіз.

Бала лифте тұрып қалса

Апат кезінде диспетчерге қалай хабарласу керегін айтыңыз. Ойнап хабарласуға болмайтынын түсіндіріңіз, себебі шынымен апат болғанда диспетчер көмекке асықпауы мүмкін. Егер көмек қолы кешігіп жатса, сыртқы киімді шешу қажет, лифт кабинасында ыстықтап, ауа жетіспей кетуі мүмкін. Киімді жерге төсеп, отыруға да болады, сіз бұл үшін ұрыспайтыныңызды айтыңыз. Осылайша бала көмек күтіп отырып күшін сарпымайды және лифт қозғала бастаса қауіпсіздікте болады.

Абайлаңыз – иттер!

Жабайы иттердің адамға тап беруі жиі кездеседі. Қауіптің алдын алу үшін балаңызға қараңғы жерлерді, тастанды үйлерді айналып жүруге үйретіңіз. Егер оны иттер қоршап алған болса, қатып тұрып қалу маңызды екенін айтыңыз. Арпылдап тұрған ит өз шекарасында бөгде адамдарды көргеніне ызалы екенін айтады. Одан қашып кетуге болмайды. Барлық іс-әрекеттер байсалды және баяу болуы керек. Ит қауып алса ересектерге айту қажет.

5. Балаңызға көмек сұрауды үйретіңіз

Бала бақшада, мектепте, қосымша сабақтарда, метрода, көшеде кімнен көмек сұрау керек екенін алдын ала айтып қойыңыз. Балаңызға ең алдымен формадағы қызметкерлерді – полицейлерді, өрт сөндірушілерді, дәрігерлерді, дүкен мен аэропорт қызметкерлерін іздеу керегін айтыңыз.

6. Үйіңіздің кіреберісіне байланыс телефондарын іліп қойыңыз

Анасының, әкесінің, көршілердің, басқа да туған-туыстардың, жедел қызмет телефондарын жазып қойыңыз. Бала нөмірлерді жатқа білсе тіпті жақсы. Бұл тізімді үйдің басқа жерлеріне жазып қоюға да болады, жазу үстелінің астына, дәретханаға. Балаңыздың ұялы телефоны әрдайым қуаттаулы болғанын қадағалаңыз.

7. Оның дайындығын тексеріңіз

Қандай да бір келеңсіз жағдайда жедел қызмет операторына ол өзінің аты-жөнін, тұрғылықты мекен-жайын (қай жерде тұрса, сол жердің мекен жайын), жанындағы үлкендерді, болған жағдайды түсіндіре алуы тиіс.

8. Баланың физикалық мүмкіндіктерін нығайтыңыз

Жақсы физикалық дайындық — тез жүгіру, өрмелей алуы, секіре алуы және т.б. — шын мәнінде өмірін сақтап қала алады. Себебі кейбір жағдайларда жүгіру маңызды (мысалы, егер біреу ұрса немесе өрт басталса), ал басқа жағдайларда бір орында тұру (егер адасып қалса немесе иттер тап берсе) маңызды.

9. Өзіңізден бастаңыз

Әдеттен тыс жағдайларда миыңды іске қосып, әрекет етуге, көмек сұрауға және қабылдауға дайын екеніңізді көрсетіңіз. Ата-ананың міндеті — баланы әлемнен қорғау емес, әлемде өмір сүруге үйрету. Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз!

#ЖаңаҚазақстан

#Рефендум2022

#janaqazaqstan

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/372906638136279/

Балалар жылы аясында "Менің қауіпсіз балалаық шағым" акциясы негізінде мектебімізде 1-11-сынып оқушылары арасында "Менің қауіпсіз балалық шағым" атты тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылардың қауіпсіз балалық шағын қамтамасыз ету, әр түрлі оқыс жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру мақсатында өткізілген тәрбие сағатында оқушылар қауіпсіздік нұсқаулығымен, жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен танысты.

#БСӘЖжАТО

#МеніңҚауіпсізБалалықШағым_СҚО

#БақытымМеніңҚолымда_СКО

#Балаларжылы

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық бағдарламасы аясында, Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернаты қабырғасында 10-сынып ұлдары арасында «Далалық оқу»курсы өтті. «Тактикалық дайындық», «Атыс дайындығы», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпы әскери жарғылары», «Саптық дайындық»,«Әскери топография» бөлімдері бойынша өткен курсқа ұлдар белсене қатысты.

#қарулыкүштер30жыл

Бүгін "Менің қауіпсіз балалық шағым" акциясы аясында, жазғы демалыстың алдында мектеп оқушыларына жаз мезгіліндегі қауіпсіздік, оның ішінде судағы қауіпсіздік, темір жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және басқа да қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында 5-11-сынып оқушылары аралығында аудандық ішкі істер бөлімі мамандары, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мамандары, аудандық темір жол бөлімі мамандары дәріс өткізді. Оқушыларға барлық қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді.

#БСӘЖжАТО

#МеніңҚауіпсізБалалықШағым_СҚО

#БақытымМеніңҚолымда_СКО

#Балаларжылы

Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,

Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.

«Сәт сапар» - деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін.

Соңғы қоңырау мерекесі ерекше қуанышпен қарсы алатын қадірлі мереке! Әсіресе, үш толқын ұрпақтың: ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың жүздеріндегі алаулаған шаттықты, көздеріндегі шуақ­ты нұрды, көңілдеріндегі алабұртқан сезімді көргенде, кімнің де болса жан дүниесі толқымай тұра алмайды. Бүгін, мектебімізде 25 мамыр күні "Сыңғырла соңғы қоңырау! " атты салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға аудандық маслихат хатшысы,мектебіміздің алғашқы директоры Асанова Айман Серікқызы қатысты. Мектеп директоры Даирова Римма Байкенқызы мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, үздік оқушыларды марапаттады. "Сыңғырла соңғы қоңырау! " атты бұл салтанатты жиын қимастық сезімге толы болды. “Ұядан ұшқан түлектерімізге қадамдарыңыз сәтті болсын”, -дей отырып, алдағы сынақтардан сүрінбей өтуіне тілектеспіз!

Бүгін мектебімізде 4- сынып жетекшісі Ботакөз Әбдірқызының ұйымдастыруымен " Қош бол, бастауыш!" атты салтанатты іс- шара өтті.

Мақсаты:

Білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін жасау. Бастауыш мектептен алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан - жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.

Мектеп директоры Даирова Римма Байкенқызы оқушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Шара барысында оқушыларымыз өздерінің өнерлерін көрсетті. Би билеп, ән айтты. Сондай- ақ аудандық " Өркен" ансамблінің мүшелері "Нарағашы" күйін орындады.

Аяулы ұстазымыз Ботакөз Әбдірқызы оқушыларына арнайы дайынаған естелік сыйлықтарын тарту етті. Әр оқушы мадақтау қағазымен марапатталды.

#балалар_жылы_2022

#патриоттық_айлық

#рухани_жаңғыру

#қош_бол_бастауыш

Қызық күндер өткіздік,

Даярлықтың бағында

Көп оқыдық, көп білдік,

Ел менен Отан жайында,

Мектепке енді барамыз,

Мұңаймаңыз сағынып.

Қашықта болса арамыз,

Сыныпқа келіп тұрамыз.

Мектебімізде " Қош бол, даярлық!" атты іс-шарасы өткізілді.

Мақсаты: Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімінің,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету,балалардың сөздік қорын,тілін,ой өрісін, кеңейтіп дамытумен бірге оларды Отансүгіштікке ,бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды.

Шара барысында бүлдіршіндеріміз өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетті. Даярлық тобы тәрбиешісі Асель Балтабайқызының тарапынан бүлдіршіндерге естелік сыйлықтар тарту етілді.

#балалар_жылы_2022

#патриоттық_айлығы

#рухани_жаңғыру

#қош_бол_даярлық

"Шуақты 4 жыл"

Алдарыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман есен болыңдар!

#балалар_жылы_2022

#рухани_жаңғыру

#қош_бол_бастауыш

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/562757535219003/

Табиғат - жаны нәзік жаратқаннан,

Жауапсыздық келтіреді оған нұқсан.

Адамдар немқұрайлық танытпаса,

Байлығын төгіп берер асып - тасқан.

Табиғаттың құпиясы – тұңғиық,

Көз жетпейтін мұнарадай бір биік.

Естіп,біліп,сырын ұғып жүрейік

Жүректерге өшпес жалын,нұр құйып.

Бүгін мектебіміздің ұстаздары мен қызметкерлері сенбілікке белсене қатысып мектеп ауласында тазарту жұмыстарын жүргізді.

#экология

#сенбілік_күні

#мемлекеттік_рәміздеріне_30_жыл

Мектебімізде оқушылар үшін " Судағы қауіпсіздік ережелері" тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Мақсаты: Оқушыларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстыру.

#балалар_жылы_2022

#бала_қауіпсіздігі

#қауіпсіздік_ережелері

#жазғы_демалыс

АТА-АНАЛАРҒА ҰСЫНЫСТАР

Балаларға қауіп туралы ескерту-ата-аналардың міндеті! ("Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің 70, 71, 72-баптары)

Ата-аналардың жауапкершілігі:

* балалардың физикалық, психологиялық дамуына қамқорлық жасау, жалпы білім беруді қамтамасыз ету;

* балалардың мүдделерін қорғау, баланың құқықтарын қорғау;

* қауіпсіздікті қамтамасыз ету, зиян келтірмеу;

* баланы кәмелетке толғанға дейін, 18 жасқа дейін тәрбие мен білім беру.

Балаларыңызға 6 "жоқ!»

1. Бейтаныс адамдарға есік ашпаңыз!

2. Ешқашан, еш жерде және ештеңе үшін бейтаныс адаммен бірге жүрмеңіз!

3. Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіз және олардан сыйлықтар алмаңыз!

4. Бейтаныс адамдармен көлікке отырмаңыз!

5. Қараңғыда көшеде ойнауға болмайды!

6. Кіреберіске, бейтаныс адамдармен лифтке кіруге болмайды!

Балаларға оның қауіпсіздігі туралы ескертіңіз:

Маңызды

- сізге баланың қайда бара жатқанын және қажет болған жағдайда онымен қалай байланысуға болатындығын айтыңыз!

- кездейсоқ танысудан және бейтаныс компанияларға шақырудан аулақ болыңыз!

- үйге келгенде телефон арқылы хабарлаңыз!

Балаңыздың кіммен сөйлесетінін және ол қайда болатынын қадағалаңыз. Оның айналасында күмәнді ересектер бар ма? Баланы олардан оқшаулауға тырысыңыз!

Балаңыздың күмәнді әдебиеттер мен бейне өнімдерін пайдаланбауын қараңыз. Баланың интернеттегі байланысын шектеңіз және басқарыңыз!

Балалармен сенімді қарым-қатынаста болыңыз, баланы жазамен қорқытпаңыз!

Кез келген құқық бұзушылық, қылмыс жасаған кезде 102 полицияға қоңырау шалыңыз!

Балалардың құқықтары бұзылған жағдайда 8(7152)493828, 87025905829 телефондары бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне хабарласыңыздар!

#БСӘЖжАТО

#МеніңҚауіпсізБалалықШағым_СҚО

#БақытымМеніңҚолымда_СКО

#Балаларжылы

#балақауіпсіздігі

Мектебімізде " Жазғы мектеп" жобасы өз жұмысын бастады.

#балалар_жылы_2022

#жазғы_мектеп

#рухани_жаңғыру

#патриоттық_айлығы

#қр_рәміздеріне_30_жыл_

#қр_қарулы_күштеріне_30_жыл

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын 5-10 сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы пәнінен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасын өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты: оқушылардың туған елінің тарихын танып білуге деген қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, туған елінің тарихы бойынша зерттеу жұмыстарының дағдысын қалыптастыру және өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Биылғы жылы да оқушыларымыз жүлделі орындар легінен көрінді.

Тарих пәні мұғалімдері: Қанат Зиятұлы мен Берік Өтегенұлын шәкірттерінің жемісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!!! Ал оқушыларымызға тек сәттілік!!!

31- мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

#Саясиқуғынсүргінқұрбандарынескеалукүні

#деньпамятижертвполитическихрепрессий

#репрессия_күні

#патриоттық_айлығы

#рухани_жаңғыру

#тәуелсіз_қазақстан

31- мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай оқушыларға " Репрессия құрбандары" тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Мақсаты: оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.

#Саясиқуғынсүргінқұрбандарынескеалукүні

#деньпамятижертвполитическихрепрессий

#репрессия_күні

#патриоттық_айлығы

#рухани_жаңғыру

#тәуелсіз_қазақстан

1- мамыр Бірлік күніне орай " Балалар жылы" аясында 1- сынып жетекшісі Арайлым Аманқызы " Бірлігі жарасқан Қазақстан!" тақырыбында ашық тәрбие сағатын ұйымдастырып өткізді.

Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.

#балалар_жылы_2022

#рухани_жаңғыру

#патриоттық_айлығы

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Осы мақсатта, мектебімізде аудандық прокуратураның аға прокуроры Усенкова Д.Н., аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Айдамиров Д.Э. қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде ерте жастағы жүктіліктің алдын алу» мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу, оны бұзу - жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі түсіндіреміз.

Бүгін мектебімізде Балалар жылы аясында, ҚР Қарулы Күштеріне 30 жыл толуына орай, 7-9- мамыр мерекелері қарсаңында 1-4 сынып оқушылары арасында Патриоттық әндер шеруі ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.

Шара соңында барлық сыныптар белсенді қатысқандары үшін мадақтау қағазымен марапатталды.

#қарулыкүштер30жыл

#балалар_жылы_2022

#рухани_жаңғыру

#патриоттық_айлығы

#отан_қорғаушылар_күні

#жеңіс_күні

Бүгін мектебімізде Балалар жылы аясында, ҚР Қарулы Күштеріне 30 жыл толуына орай, 7-9- мамыр мерекелері қарсаңында 5-11 сынып оқушылары арасында Патриоттық әндер шеруі ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.

Шара соңында барлық сыныптар белсенді қатысқандары үшін мадақтау қағазымен марапатталды.

Сондай-ақ 10- сынып оқушылары Уваис Мирас пен Айбек Айсұлтанға "Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу" туралы куәліктері табыс етілді.

#қарулыкүштер30жыл

#балалар_жылы_2022

#рухани_жаңғыру

#патриоттық_айлығы

#отан_қорғаушылар_күні

#жеңіс_күні

Бүгін мектебімізде Балалар жылы аясында, ҚР Қарулы Күштеріне 30 жыл толуына орай, 7-9- мамыр мерекелері қарсаңында 7-10 сынып оқушылары арасында "Жігіт сұлтаны" сайысы өткізілді.

Сайыс мақсаты: Оқушыларымызды батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сайыс барысында оқушыларымыз өнерлерін көрсетіп, өздерінің дайындаған бейнероликтерін ұсынды, мақал- мәтелдерді айтудан жарысып, салт-дәстүрлерімізге байланысты сұрақтарға жауап берді.

"Жігіт сұлтаны" сайысына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайратына баға беріп, әділ шешімдері үшін бастауыш сынып мұғалімі Сүлейменова Жанар Көшербайқызына, 11- сынып оқушылары Мухамедина Аминаға және Касенова Аққуға алғысымызды білдіреміз!

Сайыс нәтижесінде ІІІ орын иегері 8- сынып оқушысы Мұрат Дарын атанса, ІІ орынды 7- сынып оқушысы Смаил Жантөре және 9- сынып оқушысы Аманжол Әлімжан иеленді, ал жүлделі І орын иесі 10- сынып оқушысы Бағыт Мирас атанды.

Барлық қатысушылар мадақтау қағазымен және смарт- сағаттарымен марапатталды.

#балалар_жылы_2022

#рухани_жаңғыру

#патриоттық_айлығы

#отан_қорғаушылар_күні

#жеңіс_күні

Мектебіміздің психологі Алтын Маралқызының ұйымдастыруымен 0-7 сынып оқушылары үшін " Бала қабілетінің қалыптасу кезеңдері" атты бейнеролик жіберілді.

#балалар_жылы_2022

#бала_психологиясы

Мектебімізде Балалар жылы аясында,

ҚР Қарулы Күштеріне 30 жыл толуына орай, 7-9- мамыр мерекелері қарсаңында 9-11 сынып оқушылары үшін АӘжТД пәнін ұйымдастырушысы Б.Ө. Даировтың тарапынан Ерлік сабағы өткізілді.

Мақсаты: Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айту арқылы оқушылар бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру

Елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру;

Тарих тағылымынан өнеге алып, ұлттық сананы жаңғыртқан қазақ жастарының ізбасары болу.

Сондай-ақ мектеп кітапханашысы Зарина Сабыржанқызы " Ерлік- елдің қасиеті" тақырыбында баяндама оқыды.

11- сынып оқушысы Жусупов Азаматқа " Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу " туралы куәлік табыс етілді.

#балалар_жылы_2022

#рухани_жаңғыру

#патриоттық_айлығы

#отан_қорғаушылар_күні

#жеңіс_күні

ҚАРТЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ МОЛ

Ұлы жеңістің 77 жылдығы, Отан қорғаушылар күні қарсаңында мектеп директоры Даирова Римма Байкенқызы мен әкімшілік ауданымыздың құрметті азаматы Орлов Юрий Георгийевич, ауданымыздың құрметті ардагері Абжанова Тамара,сонымен қатар мектебіміздің ардагер ұстаздары Сулейменова Батима Кабдуловна,Ескендиров Зият Жансериковичтің шаңырағына барып, келе жатқан мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.Ардагерлер көңіл бөліп келген мектеп директоры мен әкімшілікке алғыс айта отырып батасын берді.

#қарулыкүштерге30жыл

#жеңіскүні

#балаларжылы

Құрметті ауданымыздың тұрғындары, Отан қорғаушылар Күніне арналған құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Келешек ұрпағымызға дейін Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктерін ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Қазақстан әскерлері қатарында қызмет өткеріп жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер – интернационалисттерді, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге тілейтініміз дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік пен болашаққа деген сенімділік! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған аудандық іс-шараға мектеп оқушылары мен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Даиров Берік Өтегенұлы қатысты.

#қарулыкүштер30жыл

#жеңіскүні

#балаларжылы

#Отанқорғаушыларкүні

 

Психология және әлеуметтік педагогика пәні бойынша ұйымдастырылған аудандық ғылыми жоба байқауына мектебіміздің атынан мектеп психологі Алтын Маралқызының жетекшілігімен 8- сынып оқушысы Мухамедин Адильхан, 11- сынып түлегі Мырзағали Адема қатысты.

Оқушыларымыз "Мен және менің мектебім" номинациясында 1- орын иеленіп жеңіске жетті. Алдағы уақытта болатын облыстық деңгейдегі байқауға қатысуға мүмкіндік алды.

Ұстазымызды, оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!

Алтын Маралқызына және оқушыларымызға тек қана сәттілік тілейміз! Біз сіздерге сенеміз!

Мектебімізде "Орыс және ағылшын тілдер" апталығы басталды!!!

Демек алдағы уақытта оқушыларымызды түрлі қызықты тапсырмалар мен ойындар күтеді!

Бүгін оқушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп би билеуден жарысты. Белсенді қатысқан балалар тәтті сыйлыққа ие болды.

Ең көп сыйлық жинаған 6 - сынып оқушылары тәтті бәліш ұтып алды!!!

Осындай қызықты шараны ұйымдастырғаны үшін тіл пәндері мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз!!!

#орыс_ағылшын_апталығы

Мектебімізде "Орыс және ағылшын тілдері" апталығы аясында 5-7 сынып оқушылары арасында " Своя игра" атты интелектуалдық ойыны ұйымдастырылып өтті.

Оқушылар әр түрлі қызықты, логикалық сұрақтарға жауап беріп тапсырмалар орындады.

Сайыс нәтижесінде ІІІ орын 6 - сынып оқушылары, ІІ орын 7- сынып оқушылары, ал жүлделі І орынды 5- сынып оқушылары иеленді.

Барлық сыныптар мадақтау қағазымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

#орыс_ағылшын_апталығы

"Орыс және ағылшын тілдері" апталығы аясында 8-10 сынып оқушылары арасында " Полиглот" атты интелектуалдық ойыны ұйымдастырылып өткізілді.

Сайыс нәтижесінде ІІІ орын 8- сынып оқушылары, ІІ орын 9- сынып оқушылары, ал жүлделі І орынды 10- сынып оқушылары иеленді.

#орыс_ағылшын_апталығы

АƏжТД пəнін ұйымдастырушы Б.Ө.Даировтың ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары үшін " Өрт- тілсіз жау!", 5-11 сынып оқушылары үшін "Тұрмыста өрт қауіпсіздігі" тақырыбында ақпараттық бейнематериал жіберілді.

Мақсаты: оқушылардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.

"Орыс және ағылшын тілдері" апталығы аясында 2 тілде

"Мәнерлеп оқу" сайысы ұйымдастырылды.

Сайыс нәтижесінде орыс тілі бойынша: 3 -орын 9- сынып оқушысы Әлімжан Аманжол, 2- орын 8- сынып оқушысы Мухамедин Адильхан, 1- орын 5- сынып оқушысы Ислям Аружан иеленді.

Ал ағылшын тілі бойынша: 3- орын 7- сынып оқушысы Смаил Жантөре, 2- орын 5- сынып оқушысы Марат Досбол, жүлделі 1- орынды 5- сынып оқушысы Қайырлы Дидар иеленді.

Оқушылар мадақтау қағазымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

#орыс_ағылшын_апталығы

"Орыс және ағылшын тілдері" апталығы аясында ағылшын пәні мұғалімі А.Б.Мусиннің ұйымдастыруымен 6- сынып оқушылары үшін ағылшын тілінен ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында оқушылар әр түрлі қызықты тапсырмалар мен сұрақтарға жауап берді.

#орыс_ағылшын_апталығы

Қайырлы күн құрметті әріптестер ата-аналар және достар!

Бүгін мектебімізде " Өнер және дене тәрбиесі" апталығы басталды.

Осыған орай көркем еңбек мұғалімі Гүлнәр Дөтейқызының және АӘжТД ұйымдастырушысы Берік Өтегенұлының тарапынан 5-11 сынып оқушылары үшін " Салт- дәстүрлерді білесің бе?" атты ойын өткізілді.

Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындады.

#өнер_дене_тәрбиесі_апталығы

Қайырлы таң!!!

12 сәуір – Ғарышкерлер күні

1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді.

Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.

1991 жылы 2 сәуір айында Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығынан өткен Тоқтар Әубәкіров сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа аттанды. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Т.Әубәкіров Кеңес Одағының батыры және Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атақтарының иегері.

Екінші ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшты. Ол 1994 жылы 1 шілдеде «Союз ТМ-19» экипажының борт инженері ретінде ғарыш сапарына аттанды. Оның әр жылдардағы ғарыштық экспедицияларының жалпы ұзақтығы бір жылға жуық уақытты құрады. Т.Мұсабаев 2001 жылғы ғарыш сапарында Америка Құрама Штатының миллионері, ғарышкер-турист Денис Титомен бірге ұшты. Т.Мұсабаев Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан ғарышкер. Ол Ресей Федерациясының батыры, Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы».

2015 жылдың қыркүйек айында қазақ елінің үшінші азаматы Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Ол Қазақстан атынан халықаралық экипаж құрамында ғарышты бағындырған Тұңғыш ғарышкер-ұшқыш. Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы». Ғарыш әлемінде болған 9 күн, 20 сағат,13 минутта тапсырылған ғылыми жұмысын, әсіресе Каспий теңізі мен Арал көлі маңының экологиялық жағдайына байланысты зерттеулерін жүргізді.

1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді.

Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.

Осы күнге орай мектеп кітапханашысы А.А. Махамбетова ақпараттық көрме ұйымдастырды.

Еліміздің айбыны, мақтанышы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл - 30 жыл толып отыр. Атаулы датаға орай аудандық ішкі істер бөлімінде ұйымдастырылған " Ашық есіктер күні" шарасына Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатының оқушылары АӘжТД мұғалімі Даиров Б.Ө жетекшілігімен барды.

Оқушылар үшін қызықты экскурсия өткізілді. Олар полиция қызметкері мамандығы туралы көптеген жаңа және қызықты ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. 2011 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев жарлық шығарып, 12 сәуірді ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітті. Мерекені атап өту 2012 жылдан басталды.

Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Осы күнге орай мектебімізде 6-7 сынып оқушылары үшін " Қаныш Сәтбаев - жан жақты ғалым" тақырыбында танымдық бейнеролик көрсетілді.

#ғылым_қызметкерлерінің_күні

Аманбек Ахметұлының жетекшілігімен 5,6 сынып оқушылары тоғызқұмалақ ойынан мектепшілік лигаға қатысып жүлделі ІІІ орын иегерлері атанды.

Аманбек Ахметұлын және оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!

"Өнер және дене тәрбиесі" апталығы аясында 5-7 сыныптар арасында

"Қалдық заттарға екінші өмір сыйлаймыз" шығармашылық жұмыс, "Құстарды қорғаймыз" байқау ұйымдастырылды.

#өнер_денетәрбиесі_апталығы

Рубрика

Атаулы күндер

102 жыл бұрын (1920-1997) жазушы, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Бақбергенов Сәуірбек дүниеге келді.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында туған. Түркістан қаласындағы теміржолшылар мектебін, Түркістан педагогика училищесін бітірген. Мәскеу қаласындағы әскери училищеде қызмет істеген. 1945 жылы «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер болған. 1950 жылы алғашқы повесі «Талғат» «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде жарияланған. «Қарға тамған қан», «Қан тозаң», «Бөрте Шыңғыс ханның жұбайы», «Қайран шешем», «Золотая лопата» романдарының, «Дина», «Менің досым», «Алтын күрек», «Адам және көлеңке», «Көлеңке», «Талғат», «Белгісіз солдат», «Жанғожин», «Барлаушылар» «Атжалында» «Мейірімді анам», «Адам және көлеңке», «Кентау», «Бозторғай», «Әнші бала», «13-нөмірлі ойыншы», «Біздің жігіттер», «Біздің колхозда болған еді», «Жол Алтынемел арқылы өтеді», «Қоянкөлге құлаған жұлдыз», «Мен сізді сүйемін», «Тараз көгершіндері», «Ақбоз атты ару» повестері мен әңгіме жинақтарының авторы. Орыс жазушылары М.Горькийдің, А.Короленконың бірқатар әңгімелері мен ертегілерін қазақшаға тәржімалаған.

Шығармалары беларусь, грузин, армян, қырғыз, татар, эстон, башқұрт тілдеріне аударылған.

1-дәрежелі Отан соғысы орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Достааар, "Балалар жылы" құтты болсыыын!

Балаларымыз бақытты болсыын!

#петропавлқаласы

#балаларжылы2022

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/391775519483553/

Бүгін Тимирязев ауданының атынан Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатының оқушылары Петропавл қаласы "DIGITAL URPAQ" оқушылар сарайында " Балалар жылының" ашылуына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Оқушыларымыз керемет деңгейде ұйымдастырған концерттік бағдарламадан жақсы көңіл -күймен қайтты!!!

#петропавлқаласы

#балаларжылы2022

Жаттықтырушы Құрманов Еркебұлан мен Байбөриев Әбсәмет бастаған топ, жас спортшыларымен Қостанай облысы, Фёдоровка ауданында өткен Шынуар Жәнібекті еске алуға арналған турнирде келесідей жеңіспен оралды

2013-2014 ж.ж

Жанұзақ Амирхан 23кг

Сеит Ерназ 26 кг,

Алиев Амир+38

2010-2011ж.ж

Марат Досбол 29кг

Мураткан Мансур 32 кг

Жанұзақ Алихан 35кг

Қайырлы Дияр 38кг

Алиев Аслан 42кг

Марат Даниял42кг

Садық Сұлтан 50 кг

Өтеген Аңсар жеңіске деген мақтау қағазымен марапатталды

Болашақта жас палуандарымызға сәттілік тілеймізАлар асулары мен бағындырар белестері көп болғай

Бүгін мектебіміздің оқушылары мен мұғалімдерінен құралған "Арай" ұлттық мәдени орталығы, аудандық мәдениет үйінде өткен Облыстық көркемөнерпаздар байқауына белсенді қатысты.Көркемөнерпаздар байқауы Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығы, Сафуан Шаймерденовтың 100 жылдығы, Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығы, сонымен қатар "Балалар жылына" орай ұйымдастырылған болатын. Ұлттық мәдени орталық мүшелері Ғабит Мүсіреповтің туғанынан бастап, жазушы болып қалыптасқан уақытын көрініске салып берді.Ғабит Мүсіреповтің аналар тақырыбына жазған әр шығармасы оқырманның жүрегінен орын табары анық. "Ананың анасы" шығармасынан монолог оқылып, көрерменнің жүрегін елжіретті.

Облыстық көркемөнерпаздар байқауына мектебіміздің оқушылары да белсенді қатысты. Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылып өткен іс-шарада мектеп оқушылары хорға қатысып, патриоттық өлеңдер айтты.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1175673063200877&id=100022745829643&__cft__[0]=AZUKQ5v3ebGmcGwjsRSsgaHlhkllh4N85_4NtxWc8GfBp-5FoOC4fMpIzCneqNj2heClKyYARwXH782DLoXGv3LmZfdywx5Q1Vgqotg5kumWYLnXVk46ibFapER-IPkDPLA&__tn__=%2CO%2CP-R

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАҺАРМАНДАРЫ

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.

#қарулыкүштер30жыл
#балаларжылы
#Отанқорғаушыларкүні
#ҰлыЖеңіскүні

 

"Кәсіп таңдау-келешекке жол салу"

Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

Мектебімізде кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстар жүйелі түрде өткізілуде. Бүгін Петропавл әскери академиясының мамандары 10-11-сынып оқушылары үшін түсіндірме жұмысын жүргізді. Оқу орнына түсу шарттарымен таныстырып, оқушыларды мазалаған сұрақтарына жауап берді.

#қарулыкүштер30жыл

Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің 30 жылдығы , "Өнер пән бірлестігі" апталығының аясында Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Даиров Берік Өтегенұлы 10-сынып ұлдары арасында "АК-74 автоматын бұзу және қайта жинақтау" сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты ұлдардың бойында патриоттық сезім оятып, шапшаңдықтарын шыңдау. Сайыс қорытындысы бойынша І орын Базарбай Әлібек, ІІ орын Касымгожин Жаслан, ІІІ орын Бағыт Мирас алды.

#қарулыкүштер30жыл
#балаларжылы
#Отанқорғаушыларкүні
#ҰлыЖеңіскүні

"Өнер пән бірлестігі" апталығының аясында дене шынықтыру пәні мұғалімі Байлин Нұрым Сағымбайұлы 7-9-сынып оқушылары арасында эстафеталық ойындар өткізді. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру,эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру.Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу,күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа барлық оқушылар белсенді қатысты.

#спорденсалықкепілі
#руханижаңғыру

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАҺАРМАНДАРЫ

Рақымжан Қошқарбаев (1924 —1988 жж.)

1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген. Арғын тайпасы Қуандық руы Темеш бөлімінен шыққан.

1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген.

1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты.

Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.

1947 – 67 ж. Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор,

1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.

Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл туды тікті.

#қарулыкүштер30жыл
#балаларжылы
#Отанқорғаушыларкүні
#ҰлыЖеңіскүні

"Білімді мыңды жығар!"

Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері апталығы аясында 5-6-7-сынып оқушылары арасында "Білімді мыңды жығар" атты интеллектуалдық ойын өтті. Ойын барысында балалар өздерінің білімдерін сынады. Әр сыныптан құралған топтар бірлесіп жұмыс жасап, білім додасында белсенділік танытты. Сайын қорытындысы бойынша 6-сынып оқушылары үздік атанды. Іс-шараны ұйымдастырып, өткізгені үшін тарих пәні мұғалімдері Берік Өтегенұлы мен Қанат Зиятұлына алғыс білдіреміз.

#балаларжылы
#руханижаңғыру

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАҺАРМАНДАРЫ

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (1925-1944жж)

1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург , Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.

#қарулыкүштер30жыл
#балаларжылы
#Отанқорғаушыларкүні
#ҰлыЖеңіскүні

Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сабитова Жансая Мұратқанқызы 8-10-сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.

Дөңгелек үстел мақсаты қазақ тілінің маңыздылығын түсіндіріп, ана тілді қастерлеп, қадірлеуге тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз ойларымен бөлісті. Тақырып төңірегінде әр түрлі пікір алмасты. Үш топқа бөлініп қазақ тілінің өткені, бүгіні мен болашағына көз жүгіртіп өтті.

#руханижаңғыру
#қазақстантәуелсіздігіне30жыл
#тіл

Күн сайын әр адам әртүрлі жоғары технологиялық құрылғыларды - пластикалық карталарды, ұялы телефондарды, компьютерлерді пайдаланады. Жаңа модельдер, бағдарламалар мен қызметтер үнемі пайда болады. Мұндай құрылғылардың дамуымен бір мезгілде азаматтардың ақшасын алдауға және жымқыруға мүмкіндік беретін алаяқтықтың сәйкес түрлері пайда болады.

Құрметті Тимирязев ауданының тұрғындары, мұндай жағдайларда абай болыңыз! Алаяқтардың айлаларына түсіп қалмаңыз!

Ежедневно каждый человек использует множество разнообразных высокотехнологичных устройств - пластиковых карт, мобильных телефонов, компьютеров. Регулярно появляются новые модели, программы и сервисы. Одновременно с развитием таких устройств появляются соответствующие виды мошенничества, позволяющие обмануть и присвоить денежные средства граждан.

Уважаемые жители Тимирязевского района, будьте осторожны в подобных ситуациях. Не ведитесь на уловки мошенников!

Мектебімізде Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздеріне 30-жыл толуына орай, жоспарға сәйкес, таңертеңгілік жиналыс алдында әнұран орындады.

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту; Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Оқушылар алдағы болатын "Жаратылыстану-тіршілік туралы ғылым" апталығының жұмыс жоспарымен таныстырылып, әр түрлі байқауларға, сайыстарға қатысқан оқушылар мен ұстаздар марапатталды . Сондай-ақ окушыларға көктем мезгіліне орай қауіпсіздік ережелері ескертілді.

Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.

Ахмет Байтұрсынұлы

Назарларыңызға "Үздік оқырман" конкурсының айлық жеңімпаздарын ұсынамыз!!! Барлық белсенді қатысушыларымызға алғыс білдіре отыра, оза шапқан қатысушыларымызды құттықтаймыз!!!

РУБРИКА АТАУЛЫ КҮНДЕР

84 жыл бұрын (1934-2006) Қазақстаннның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЖҮНІСОВ Сәкен Нұрмақұлы дүниеге келді.

Көкшетау облысы, Қызылтау ауданы, Кішкенекөл ауылында туған. Қазақстанның Халық жазушысы (1996). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1957). 1957-1959 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында және 1960-1964 жылдары Қазақ мемлекеттік драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 1988 жылдан 1991 жылға дейін КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болған. Балаларға арналған алғашқы кітапшасы («Сонарда») 1959 жылы шықты. Бұдан соң жас жеткіншектер үшін «Әжем мен емші және дәрігер» (1961), «Кімнің мекені жақсы» (1962), «Сақау бәтеңке» (1983), т.б. кітаптары жарық көрді. «Өшпейтін іздер» повесін (1968), «Жапандағы жалғыз үй» романын жазды (1965; орыс тілінде - 1968). «Ақан сері» дилогиясы жарық көрді. (1кіт., 1971; 2кіт., 1977; орыс тілінде - М., 1979). «Алғашқы вагон» (1982), «Заманай мен Аманай» (1987) повестерін жазды. Жазушының «Ажар мен ажал» (1967), «Тұтқындар» (1970), «Қызым, саған айтам» (1972), «Жаралы гүлдер» (1973), «Қос анар» (1974), «Әр үйдің еркесі» (1975), «Қысылғаннан қыз болдық» (1976), «Кроссворд немесе масханадағы маскарад» (1981), т.б. пьесалары республика театрларында қойылды. «Өліара» пьесасына Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді (1986). 2000 жылы «Сәкен сері ел жайында, ел Сәкен сері жайында» кітабы жарық көрді. Көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Л.Н.Толстойдың, С.Цвейгтің бірқатар әңгімелерін, О.Т.Гончардың «Перекоп», «Көк адыр» романдарын, т.б қазақ тіліне аударған.

Қайырлы таң құрметті достар, әріптестер!

" Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" апталығына орай мектебіміздің кітапханашысы Мурзагалиева Зарина кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

#сүйіспеншілік_шығармашылық
#өзін_өзітану

Құрметті әріптестер және оқушылар сіздерді "Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" апталығына белсенді қатысуға шақырамыз!!!

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/642485006810728/

Біздің мектебіміздің тәрбие жұмысы 8 бағыт бойынша жұмыс жасауда. Бүгін " Ұлттық тәрбие" бағытын негізге ала отырып оқушыларымызға " Қазақ халқының ұлттық ойындары" атты танымдық бейне материалы жіберілді.

Мақсаты: Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу.

Бүгін мектебімізде бастауыш сынып мұғалімі Ақтолқын Қазтайқызының ұйымдастыруымен 3- сыныпта " Бақытым да, байлығым да денсаулық!" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.

Қызықты әрі пайдалы тәрбие сағаты үшін Ақтолқын Қазтайқызына және 3- сынып оқушыларына алғысымызды білдіреміз!

#денсаулықбайлық
#денісауұрпақ

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1128890314545819&set=pcb.1128890524545798&__cft__[0]=AZVRvNiEPBvXLf4MtL3hcZcWKcemXu6AP1ZeXLxfpCKtisq-YUbIvl6QrRuAz8YwAVNLDXHlzJl_nbcqvtW745FBaHuOTm8s0efbVrYDxtkqVFdGZILEOzTGtJXgWa2DyPY&__tn__=*bH-R

М.Мақатаев — адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның... өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған.

Әбіш КЕКІЛБАЕВ

Мұқағали Мақатаев ағамыздың туған күні қарсаңында мектеп кітапханасында интернат тәрбиеленушілері үшін ақынның ғұмыры мен шығармашылығымен таныстыру мақсатында ақпараттық сағат өткізілді. Интернат тәрбиешісі Муптий Бахытгуль өткізген іс-шарада тәрбиеленушілер Мұқағали ағамыздың шығармашылығымен танысып,өлеңдерін оқыды. Өз ойларымен бөлісіп,керемет әсер алды.

 

Қайырлы күн құрметті достар, әріптестер! Күндеріңіз сәттілікке толы болсын!

Ал біздің мектебіміздің 1-сынып оқушыларынан позитивті көңіл-күйді қабыл алыңыздар!

Оқушыларымыз жақсылық жасауға, мейірімді болуға, адалдыққа және сүйіспеншілікке шақырады.

Кішкентай бүлдіршіндерімізге лүпіл қойып қолдап жіберіңіздер достар!

#сүйіспеншілікжәнешығармашылықпедагогикасы
#өзін_өзітануапталығы

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/1178817072901153/

" Сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы" апталығына орай мектебіміздің психологі А.М. Жармағамбетова 8- сынып оқушылары үшін " Жүрек жылуы" атты тәрбие сағатын ұйымдастырып өткізді.

Тәрбие сағаты барысында балалар әр түрлі тапсырмалар орындап, Абай атамыздың "Он төртінші қара сөзі" оқылып талданды.

Қызықты әрі пайдалы тәрбие сағаты үшін Алтын Маралқызына және оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз!

#өзінөзітануапталығы
#сүйіспеншілікшығармашылықпедагогикасы

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1129398221161695&set=pcb.1129399084494942&__cft__[0]=AZVBSsGcE9zZLLasptTWSiaog4JmmirwvWyvz0ZxuZVKAbFErCIRbqZiycu7qRjh9FRKJR5k-gDVG1sAiAK8T1C47VEU1fJNSe4DJkZ60eIDdozSeMRu-lxuGBA_p-bpk_Y&__tn__=*bH-R

Шынықсаң шымыр боласың

Қыс мезгілінің керемет ауа райын мектеп оқушылары тиімді пайдаланудаЖаттықтырушыларымен бірге таза ауада шаңғы тебуде

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1129596331141884&set=pcb.1129596491141868&__cft__[0]=AZXNPAkq_TlDtVJk12bHXcYvNiQ33d7ypI0Mytii9ThWhw6XKQi0STlHj4YtZ-2e2t5Ev3LzPQtGYjuKLV0SFqFyQJTMkdWJ5nOuGUK5ivAJ7iBxxiX5pXhvqerdJwl4VFY&__tn__=*bH-R

Қайырлы күн құрметті достар, әріптестер! Күндеріңіз сәттілікке толы болсын!

РуБрИкА " БІЛГЕНГЕ МАРЖАН"

АТАУЛЫ КҮНДЕР. ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТ.

4 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1930 жылы Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі құрылды;

1992 жылы Қазақстан мен Бангладеш Халық Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттама қабылданды.

1993 жылы Қазақстан мен Мальта арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;

2011 жылы Парижде Қазақстан қатерлі ісікке қарсы күрес хартиясына қосылды.

4 ақпанда Қазақстанда кім туды:

1909 жылы ақын, драматург, әдебиеттанушы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбділда Тәжібаев дүниеге келді;

1929 жылы химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Болат Жұбанов дүниеге келді;

1943 жылы кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанымбек Қасымбеков дүниеге келді.

#білімырыстыңтізгіні

«СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаментінің қызметінің негізгі бағыттары бойынша құзыретін түсіндіру, мемлекеттік қызметті, мемлекеттік қызметті және Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылауды өткеру» атты тақырыпта семинар өткізілді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Контаева Динара Тайгулыевна, бас маман Уразамбетов Абзал Кайрлович, мемлекеттік қызметтер басқармасы бас маманы Жусалина Гульнара Аделхановна, Мемлекеттік қызмет басқармасы Сарсембаева Гульнара Дюйсеновна аталған тақырыпта түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, пайдалы да маңызды ақпараттармен бөлісті.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1130058534428997&set=pcb.1130058634428987&__cft__[0]=AZVX6j3-MVo2lTNC8JelsKc4zzvAqZonqgjvMNJkMHjlq-CkBStoHbv9e7mhM2Vjn1lSHMmR5ko7jbdO5Q_H9zMY4DPIj3AfM7Q_VhrpvkUgcJUmN57ORX6Qw8j7-TVDyDI&__tn__=*bH-R

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ата- аналарға " Бала, қуқықбұзушылық" бейнеролигі жіберілді.

https://youtu.be/1d_ZGaql2MM

Қайырлы күн құрметті достар, әріптестер! Күндеріңіз сәттілікке толы болсын!

РуБрИкА "БІЛГЕНГЕ МАРЖАН"

АТАУЛЫ КҮНДЕР. ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТ.

7 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1930 жылы Қазақстанның оңтүстік өңірінде көтеріліс болған. Аз ғана уақыт ішінде Созақта құқық қорғау органдары жеңіліс тауып, қызметкерлері қаза болып, 20 шақытысы тұтқындалды. Көтеріліс басшысы Сұлтанбек Шолақұлы хан болып сайланған. Оның соңынан ергендер "Кеңес үкіметі құрысын", "Хандық үкімет жасасын", "Қазақ үкіметі жасасын" деп ұрандатқан еді;

1964 жылы Қазақ академиялық драма театрының сахнасында Шыңғыс Айтматовтың "Ана – Жер-Ана" спектаклінің тұсаукесері болды;

2013 жылы белгілі ақын Сырбай Мәуленовтің 90 жылдығы тойланды;

2014 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочи қаласына XXII қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына барды.

7 ақпанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді:

1933 жылы физика және математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ғылым академиясының академигі Сәдуақас Ерматов дүниеге келді;

1948 жылы суретші, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Зейнегүл Түсіпова дүниеге келді;

1949 жылы актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Гүлжамал Қазақбаева дүниеге келді.

#білімырыстыңтізгіні

" Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" апталығына орай " Жақсылық жасауға асығайық!" челленджі ұйымдастырылды. Аталмыш шараға 4- сынып оқушылары белсенді қатысты.

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА! МЕЙІРІМДІ БОЛ!

#өзінөзітану
#мейірімдібол

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/218066740534817/

" DISCOVERY BOROVOE"

Аудандық кәсіподақ ұйымының ұсынуымен, мектепішілік кәсіподақ кеңесінің шешімімен мектебіміздің аяулы да құрметті ұстаздары Жанар Көшербайқызы және Гүлнәр Дотейқызы Щучинск қаласының, табиғи аймақта Қатаркөл көлінің жағалауында орналасқан " Discovery Borovoe" шипажайына демалып қайтты. Демалыс барысында ұстаздарымыз әр түрлі сауықтыру орталықтарына барып, денсаулықтарын жақсартты.

Келген бетте Жанар Көшербайқызы мен Гүлнәр Дөтейқызы өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді. Ұстаздарымыз міндетті түрде " DISCOVERY BOROVOE" шипажайына баруға кеңес береді.

#discoveryborovoe
#densaulyqjaksykönilküy

 

Назарларыңызға "Үздік оқырман" конкурсының апта жеңімпаздарын ұсынамыз!!! Барлық белсенді қатысушыларымызға алғыс білдіре отыра, оза шапқан қатысушыларымызды құттықтаймыз!!!

Қайырлы күн!

Біздің мектебімізде " Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" апталығы жалғасуда. Назарларыңызға 3- сынып оқушылары дайындаған мейірімділік туралы өлең шумақтарын ұсынамыз!

#өзінөзітану
#мейірімдібол

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/960846317873986/

РУБРИКА АТАУЛЫ КҮНДЕР

91 жыл бұрын (1931-1976) ақиық ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері МАҚАТАЕВ Мұқағали дүниеге келді.

Алматы облысы Райымбек ауданында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1952-1969 жылдары Қарасаз бастауыш мектебінде орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосының дикторы, Шалкөдеде Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хантәңірі») газетінің жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер, Жазушылар одағы поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 1973-1974 жылдары Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыған. Ақынның тырнақалды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде 1948 жылы жарияланған. Оның «Ақ қайың әні», «Аққулар ұйықтағанда», «Арман», «Шолпан», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт. Жан азасы» атты поэма толғаулары мен 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар. Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлендіріп, интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағали Мақатаев поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Оның «Қош, махаббат» жинағына әр жылдар жазылған «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері, «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері мен «Қош махаббат» пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. Аударма саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын», Е.Евтушенко, А.Акопян, Ф.Моргун, У.Уитмен, Р.Бернс, Ф.Ансаридің өлеңдерін тәржімалаған. Оның өлеңдеріне Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Бейбіт Оралұлы, Алтынбек Қоразбаев тағы басқа сазгерлер ән жазды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында ескерткіші бар. Туған ауылы Қарасазда мұражайы ашылды. Қазақстан Жазушылар одағы 1985 жылдан бері үздік әдеби шығарма авторларына берілетін Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық тағайындаған.

Жақсылық жасауды өзіңнен баста!!Басқаларға үлгі бола біл!!!

Иа, біздің мектебіміздің білім алушылары білім мен қатар әр адамның бойында болуы тиіс қасиеттерді сіңіріп өсуде. Жақсылық жасап, айналаңа махаббатпен қарау арқылы әлемді өзгертуге боларына сеніммен қарайтын 6-сынып оқушылары технология пәнінде жасаған құстарға арналған жемсалғышты мектеп ауласындағы ағаштардың біріне іліп қойды.

" Сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы" апталығы аясында 2- сынып оқушылары " Анашым, мен сені жақсы көремін!" тақырыбында сурет салды.

#өзінөзітану

Бүгін мектебімізде Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай қазақ тілі пәні мұғалімдері Жансая Мұратқанқызы, Асем Қайратқызы, Дина Карменханқызы және мектеп кітапханашысы Зарина Сабыржанқызы 7-9 сынып оқушылары үшін " Поэзия, менімен егіз бе едің?!" атты әдеби кеш ұйымдастырды.

Кеш барысында оқушыларымыз ақынның әйгілі шығармаларын жатқа оқып, өздерінің арнайы шығарып жазған өлең жолдарымен бөлісті. Сонымен қатар шарамызға 8- сынып оқушысы Адильхан, 11- сынып оқушылары Сабина, Адемі, Амина, Дилара және ағылшын тілі мұғалімі Ақылбек Батырханұлы белсене қатысты. Өнерлерін көрсетіп қатысқан оқушылар мадақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталды.

Осындай керемет кешті ұйымдастырып өткізген құрметті ұстаздарымызға және оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз!!!

РУБРИКА АТАУЛЫ КҮНДЕР

93 жыл бұрын (1929-1996) жазушы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мамажанов Мұқан дүниеге келді.

Алматы облысының Талғар ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығармашылық еңбек жолын «Қазақстан пионері» газетінің әдеби қызметкері болып бастады. «Лениншіл жас» газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақстан пионері» газетінің редакторы, БЛКЖО Орталық Комитеті насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақстан» баспасының бас редакторы, директоры, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің алқа мүшесі, бас редакторы, төрағаның бірінші орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті насихат және үгіт бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, «Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. Оның «Советтік Қазақстанның кітаптары», «Листовкадан энциклопедияға дейін», «Достар арасында», «Кітаптан түскен шуақ», т.б. еңбектері жарық көрді. Қаламгер көркем аударма саласында да еңбек етіп, С.Георгиеваның повестері мен әңгімелерін, Бонч-Бруевичтің Ленин туралы әңгімелерін, С.Зареснойдың «Жеті күн туралы» повесін, В.Песковтың «Таңғы шық», В.Котиктің «Ол пионер болған еді», Нгуен Динь Тхидің «Сөгілген көбе», «Бұрқанған дария», Петрусь Бровканың «Тоғысқан арналар» атты шығармаларын қазақ тіліне аударды. «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар Достығы» ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың игергені үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Мектебіміздің әлеуметтік ұстазы Дина Карменханқызының ұйымдастыруымен 4-11 сынып оқушылары үшін құқық-бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Вокзалдар мен жолаушылар поездары, теміржол объектілері" тақырыбында ақпараттық бейнематериал жіберілді.

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/660350155403809/

Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру мақсатында мектеп жанындағы интернат тәрбиешілері Муптий Бахытгуль мен Медетова Замира "Мұқағали- мәңгілік ғұмыр" атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге интернат тәрбиеленушілері қатысты.

Туған халқының талантты ақынына , әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген дөңгелек үстелде балалар өмірге іңкәр, өмірді жанындай сүйіп жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы сыр шертіп, ақын әлеміне, өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шегіп, оның өлеңдеріне өрілген сұлу сазға тербеле білді.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім – деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/4887415628001370/

Ауданымыздың Бас имамы Шохан Садуақасұлы және Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірге Жастар Ресурстық Орталығы бірлесіп Тимирязев Қазақ Мектеп-интернатының 11-сынып оқушыларына дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел мақсаты: мектеп түлектеріне экстремизм және терроризм жайлы ақпарат беру,

Діни ағымдарға қарсы алдын алу жұмыстарын жүргізу.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1097484174351134&set=pcb.1097484211017797&__cft__[0]=AZUv54QbVjqz1Y37sc2p6LuxKkHPrzPPwdP7FEw8JBloa1pSGsIfp_C7CaNS5Nj7CF3Ges6fytUQfqlF7kFEttOCkB1JUMcAoMy2qFC_JqcQw1Sv9eTEkgQOzU837PYz44g&__tn__=*bH-R

Мектебіміздің психологі Алтын Маралқызының ұйымдастыруымен " Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" апталығы аясында

"Мейірімді жүректер ынтымақтастығы" атты шара өткізілді.

Осы шараға белсенді қатысқан құрметті ұстаздарымызға және оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз!

#өзін_өзітану
#мейірімдібол

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/1001012114160131/

Бүгін мектебімізде " Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" апталығына орай тарих пәні мұғалімі Қанат Зиятұлы жалпы азаматтық құндылықтарды дамыту, оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу мақсатында "Қазіргі Қазақстан жастары патриот, патриот емес" тақырыбында 7-10 сынып оқушылары арасында дебат сайысын ұйымдастырды.

Қанат Зиятұлына керемет сайыс үшін алғысымызды білдіреміз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1133697617398422&set=pcb.1133697904065060&__cft__[0]=AZXTVcJNw98dNyNqW77TCJCQYBCPKC8Amy6Ve2Ky6h7Z-7dLvYoQLzZbwCNfZPD43qChi3egm_g_LiBDBeHPoL0519X4IdgDnKQZmjBDoPl8TkQl15QdKtOQTgmk09tpJ1U&__tn__=*bH-R

Бүгін мектебімізде 15 ақпан " Ауған соғысы 1979-1989 жж." күніне орай АӘжТД пәнінің ұйымдастырушысы Даиров Берік Өтегенұлының ұйымдастыруымен " " Ауғанистан- біздің есімізде" атты шара өтті.

Шараның мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.

Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Осындай кереметтей шараны ұйымдастырғаны үшін Берік Өтегенұлына және қатысқан барлық ұстаздарға, оқушыларға алғысымызды білдіреміз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1134386333996217&set=pcb.1134390890662428&__cft__[0]=AZXkRZg_CvYF9AuVqOWJjMc1dyZyPqSUl0eQP2amz2ypLti-pWGtf4ZAMUp_NSEPrMi6Z6fKBdSs_fXFpYAqg6r3ZnTeIDbBrjE0pc_ohxvBANatiBr80RZoJpElEPwh52Y&__tn__=*bH-R

Бүгін мектебімізде " Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" апталығы аясында ұстаздар және оқушылар бірлесіп "Қайырымдылық жасай білейік" тақырыбында бейнеролик түсірді.

Мақсаты: оқушыларға қайырымдылық туралы түінік беріп, олардың бойында жанашырлық , қайырымдылық сезімдерін дамыту.

Осы шараны жүзеге асыруға көмек ұшын берген құрметті ұстаздарымызға және оқушыларымызға ерекше алғысымызды білдіреміз!

Ал достар сіздерден қолдау, аямай лүпіл басыңыздар

#өзін_өзітану
#мейірімдібол

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/284657360435100/

Қайырлы күн құрметті достар, әріптестер! Күндеріңіз сәттілікке толы болсын!

РуБрИкА "БІЛГЕНГЕ МАРЖАН"

АТАУЛЫ КҮНДЕР. ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТ.

14 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1992 жылы Мемлекеттік ономастика комиссиясының шешімімен Гурьев облысы мен Гурьев қаласының атауы Атырау облысы және Атырау қаласы болып өзгерді;

1992 жылы Венада Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойылды;

1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікке (МАГАТЭ) кірді;

2000 жылы Қазақстанда алғаш рет қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік жарық көрді.

14 ақпанда Қазақстанда кім дүниеге келді:

1923 жылы жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Асғадулла Хамидуллин дүниеге келді;

1957 жылы жазушы-драматург Жолтай Әлмашұлы дүниеге келді;

1943 жылы ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Тимур Сүлейменов дүниеге келді.

#білімырыстыңтізгіні

Бүгін мектебімізде полиция капитаны, әкімшілік полиция басшысы Сауытбеков Ерик Алпысбаевич және полиция майоры, әкімшілік тәжірибе инспекторы Сапрыкин Юрий Николаевич " Жолда жүру ережелері" тақырыбында оқушылар үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты: оқушылардың жолал жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу.

Мектебімізде жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру, сабақта алған білімдерін дамытып, сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында 14-18- ақпан аралығында "Балдырған" тақырыбында бастауыш әдістемелік бірлестігінің апталығы өтуде. Апталықтың ашылуында 1-4-сынып оқушылары көрме жасап, тақпақтары мен әндерін айтты. Бастауыш сынып мұғалімдері апталықтың өту барысымен таныстырып, оқушыларды белсенді қатысуға шақырды.

Бүгін бастауыш сыныптар апталығы аясында 2-4 - сынып оқушылары арасында "Денің сау болсын десең.." атты спорттық сайыс өтті. Сайыс мақсаты оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спорттың адам өміріндегі маңызын түсініп, жаттығудың қажеттілігін ұқтыру. Балалар өзара сыныптармен сайысты. Барлық сыныптар белсенділік танытып, жеңіске ұмтылды. Сайыс нәтижесі бойынша :

І орын - 4-сынып оқушылары

ІІ орын - 3-сынып оқушылары

ІІІ орын - 2-сынып оқушылары иеленді.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1136703830431134&set=pcb.1136704013764449&__cft__[0]=AZWQMkB34D24jm-A9MGibYd_PgbEIo70Lhq5YHDathv8ibOnjsTC_uSmT2eAVDzVvlRIsIKWFuhhZDCrYQ89XsxTtM3qTDZC4d04-s629No-5OfaBYihAvgFSNldT_o2a9k&__tn__=*bH-R

Бүгін 15 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толып отыр. Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беріп, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Б.Ө. Даиров оқушылармен Ауған ардагері, жерлесіміз Азамат Өндірісұлы Кушуровты аталмыш мерекемен құттықтап, өз сыйлықтарын ұсынып қайтты. Және де Аудандық Ауған соғыс ардагерлер ерлігін еске алу, мадақтау іс-шараларына қатысты.

Өтер жылдар, өтер тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар.

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/1358554844590454/

Бастауыш апталығы аясында тіл мұғалімдері ұйымдастыруымен 2-3 сыныптар арасында " Кім білгір?!" интелектуалдық ойыны өткізілді.

Қатысқан оқушылар білімдерін жақсы деңгейде көрсете білді.

 

Бүгін қазак тілі және әдебиет пәні мұғалімі Жансая Мұратқанқызы 6- сынып оқушылары үшін " Адамгершілік- асыл қасиет" тақырыбында ашық тәрбие сағатын ұйымдастырып өткізді.

Сабақ барысында оқушылар мәнді бейнероликтер көріп, өз ойларын ашық айтты. Сондай-ақ оқушыларымыз осы тәрбие сағатынан алған әсерлерімен бөлісті.

Оны төмендегі видеолардан көре аласыздар.

Ал тәрбие сағатын өте жақсы деңгейде ұйымдастырғаны үшін Жансая Мұратқанқызына және белсенді қатысқан 6- сынып оқушыларына алғысымызды білдіреміз!

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1137964126971771&id=100022745829643&__cft__[0]=AZXPsJsQVIDGEijlVFlAfai0egBulEubH_TNHGhWLDGt2RwA_OfJemlM-zhditXIE_QfmzcMq9043e1xUhEYyHvnvXL6jP6IpODHwos0TWohHv5DocVIc2sCXiiNbVrx3aM&__tn__=%2CO%2CP-R

Бастауыш апталығы аясында Ботакөз Әбдірқызының ұйымдастыруымен 3-4 сыныптар арасында " Жүзден жүйрік" сайысы өтті. Сайыс барысында оқушылар белсенділік танытып барлық сұрақтарға жауап беруге тырысты.

Ойын нәтижесінде 4- сынып оқушылары І орын иелері атанды, ал 3- сынып оқушылары ІІ орын иеленді .

Сайысты өте қызықты әрі пайдалы ұйымдастырғаны үшін Ботакөз Әбдірқызына алғысымызды білдіреміз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1138575240243993&set=pcb.1138575533577297&__cft__[0]=AZUiZdscApQWUfPuOvmS3qXF1376ISwoIgQxEM003aZ1aN0U_4yFTj9Hs_bM1bAcFKgkeodUIy2hyMIf7AHuUkwM4v3sexVOxqhhQCSaB1VCOB-fKRx50r-XvoVMfhJHweQ&__tn__=*bH-R

Бастауыш апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі Жанар Көшербайқызының ұйымдастыруымен 2- сынып оқушылары үшін " Кім жүйрік?" сайыс өткізілді.

Сайыс барысында оқушыларға әр түрлі қызықты, логикалық сұрақтар қойылып тапсырмалар берілді.

Оқушылар белсенділік танытып берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.

Қызықты ойын үшін Жанар Көшербайқызына алғысымызды білдіреміз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1139382630163254&set=pcb.1139387033496147&__cft__[0]=AZVm-zKlyw9FCg3AQBemHvdjFB83Jl9PggGQLuKmgK4qrYzZoBV_2RxumZ0iAdNiqh6_ei6YvAewz6F_Pq185OWXe4BAKVwSmrOPhUE5gxfDr9ioUHpIKJUb3qqyohmmHuw&__tn__=*bH-R

Қайырлы күн! Күндеріңіз сәттілікке толы болсын!

Бүгін мектебіміздің әлеуметтік ұстазы Дина Карменханның ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушылары үшін " Бала зорлығы-қоғам қасіреті" тақырыбында бейнеролик жіберілді.

#бала_құқығы

Уааауу! Мектебімізде " МИФ әлемі- білім теңізінде" апаталығы бастаалдыыы! Енді оқушыларымыз логикалық сұрақтар мен күрделі тапсырмалардың жауаптарын іздейтін болады.

Өте қызықты апталық болатын сияқты!

Барлық қызықты сәттерімен бөлісетін боламыз!

Ал сіздерден жылы-жылы лүпілдер күтеміз!

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/462539025606084/

"Қазақстан балалары- қысқы ертегі"

" Жаңа жыл- отбасылық мереке" атты отбасылық фотосуреттер көрмесі.

#қазақстанбалаларықысқыертегі
#детиказахстаназимняясказка

 

Қайырлы таң!

Назарларыңызға Байбориевтер

отбасы атынан" Жаңа жылдың

жұлдыздары" биін ұсынамыз.

#келбилейікбалалар

#қазақстанбалаларықысқыертегі

#детиказахстаназимняясказка

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/4786504171405429/

Оқушылардың демалысын қызықты ұйымдастыру мақсатында бастауыш сыныптарға сергіту биі жіберілді.

Оқушыларымыз билеп, бойларын жазды.

#қазақстанбалаларықысқыертегі

#детиказахстаназимняясказка

https://l.facebook.com/l.php?u=https%3A%2F%2Fyoutu.be%2FLAS35_Q7CNA%3Ffbclid%3DIwAR2rxk0VLA05wCCVJvIiC-l547Opa5qDmYy3T0vdDA8t4-niD6z_0Nlc18k&h=AT1T5-_XUTy2455sxEHprZo_HHGSlm4xi8-nC8MMsoo15RZ-neKz9VHYIb69mTGZ4GNWKTgnwP5ZRC3xK7xkaFgvWbCHVPB2jF1Cxzx5Jck0t0W62M5Mc0t9kdVcfAgdPT9J&__tn__=H-R&c[0]=AT06Q2CwsfmgZYu1hPC3IU9khER2Q7rP5oXJl_SIC-dXtnxUtucaUgxM4Dql0ef16FOx6pg6WZablab6hPsZ3GUG7eRCSzrwNgKWS2fTFxZhuAzXGyBLq9Ap17JYTZpWAE7lbBWtshwlPXmKQFhX1ltCYw

5-11сынып оқушылары үшін Жаңа жылдық көңілді би жіберілді.

#келбилейік

#қазақстанбалаларықысқыертегі

#детиказахстаназимняясказка

https://youtu.be/n5uIahQw9sw

 

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/1012415062955582/

Біздің оқушыларымыз демалыс күндерін пайдалы әрі қызықты өткізуде. Назарларыңызға " Қазақстан- менің көзіммен" тақырыбында бастауыш сынып оқушылары салған суреттерін ұсынамыз.

#меніңқазақстаным

#бізбіргеміз

 

"Қазақстан - менің көзіммен"

#меніңқазақстаным
#бізбіргеміз

" Қазақстан- менің көзіммен"

#меніңқазақстаным
#бізбіргеміз

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1115416202559897&set=pcb.1115416465893204&__cft__[0]=AZWdzzTGOHEciw_NMqmsoxk-k8IXY4RjZbYYxZcO18RNFlKXtzuvIzokWXnFWl7rhp4-L4jDk8N3rIJjcb71DE5qaqVoxx7vprjPrLO0OwFZTiArTQb74R0FQKmSI1gJ-Kk&__tn__=H-R

Бүгін 5-11 сынып оқушылары үшін " Кітап оқу" күні ұйымдастырылды.

Оқушыларымыз әдеби шығармаларды оқып, өздерінің ой- пікірлерін білдірді.

 

#кітапоқы

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1115419125892938&set=pcb.1115419342559583&__cft__[0]=AZXtInZ0wTSdqpNEeaJiUcf4147usbDHu3PmTegWGwODTmrFUSDNJPDnS44C10TYIuVSLTUpkt88vrl0PUps1h5zo7kd0LuXmUD2Nr0FSDEMjSPk5O3VgUaJnBwKBNdR8go&__tn__=*bH-R

"Кітап оқу күні"

#кітапоқы

 

"Қазақстан- менің көзіммен"

#меніңқазақстаным
#бізбіргеміз

"Кітап оқу күні"

#кітапоқы

"Қазақстан - менің көзіммен"

#меніңқазақстаным
#бізбіргеміз

 

Қайырлы күн!

Біздің оқушыларымыздың қысқы демалысы қызықты әрі пайдалы болып жалғасуда.

Бастауыш сынып оқушылары үшін " Менің сүйікті кітабым" күні ұйымдастырылды.

Оқушыларымыз кітап оқу үстінде

#қызықтыдемалыс
#қысқыдемалыс

"Менің сүйікті кітабым"

#қызықтыдемалыс
#қысқыдемалыс

Бүгін 5-11 сынып оқушылары үшін Кино күні ұйымдастырылды. Оқушыларымызға Қазақстанның әйгілі фильмдер топтамасы жіберілді. Олардың ішінде: " Менің атым Қожа", " Балалық шағымның аспаны", " Балуан Шолақ", " Томирис", " Қазақ хандығы" ж.т.с.с фильмдер.

Сондай-ақ оқушыларымыз өздерінің таңдап қараған фильмдеріне қысқаша ой- пікірлерін білдірді.

#қазақкиносы
#қызықтыдемалыс
#қысқыдемалыс

  

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1116010005833850&set=pcb.1116011782500339&__cft__[0]=AZXt_hK25LvvZCH807Khzw-6KvQm79RmZRC1CHHHUbpsqQULdwlWID8Vwh3Gk4KaN0-56J4UCqNGeLHNz9fJVjds4DhKbDr1dtDwzLJYLDypbaRxxyyac7BOs_-tIypYT9Y&__tn__=*bH-R

Қайырлы күн!

Ал біздің оқушыларымыз кітап оқудан жалықпайды.

"Көп кітап оқып білімді боламыз!"- дейді.

#меніңсүйіктікітабым
#қызықтыпайдалыдемалыс
#қысқыдемалыс

https://www.facebook.com/hashtag/%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D0%BF%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D0%B4%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D1%81?__eep__=6&__cft__[0]=AZXipFlrvA_aWTkUqxGzyROH-IP40F6n9_kOYrvQz7hw004k-WyVe-y5PqsFVwtq9d99LuoPNicSPqlxj6YyEgX9YNvqYwxQy-AzHi8vYBdXdi7vFUKQm2d_z16ioaXfcsE&__tn__=*NK-R

Кино күні

"Менің атым Қожа" фильміне оқушымыз Рахымберді Бірғанымның ой- пікірі.

#қазақкиносы
#қызықтыдемалыс

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1116532132448304&set=pcb.1116532172448300&__cft__[0]=AZUmN8LsrC7aExKrueESn_EnOzRtNi9ZpEKmnlc5xjfg_wrYmwXOTDsrF4IGIx7IKNKP8khy2z11TYpn7RwUOSKIrNCyqQ2KbA2xIuyO1S85wR5jhg4zsBk6NyyLKc9mjjo&__tn__=*bH-R

Бүгін мектебімізде" Жақсылық жасап жарысайық!" күні ұйымдастырылды.

Оқушыларымыз ата-әжелеріне, ата- аналарына, кішкентай бауырларына барынша көмектесіп, сый-құрметтерін көрсетті.

#жақсылықжаса
#қызықтыдемалыс

   

Қайырлы күн! Құрметті достар, бізде бүгін "Салауатты өмір салты" күні.

Оқушыларымыз әр түрлі жаттығулар жасап шынығуда.

" Таңғы жатығулар бізге өте пайдалы, себебі бойымызға қалған күнге күш-қуат береді."- дейді Аманат.

Оқушымыз таңғы жаттығу жасау үстінде

#сауалауаттыөмірсалты
#денісауұрпақ
#пайдалыдемалыс

   

Вакцина салдырған әрбір адам білуі керек ең маңызды нәрсе – екпе инфекциядан емес, аурудың ауыр ағымынан сақтайды. Вакцина – өзіңізді және жақындарыңызды Covid-19 жұқпалы індетінен қорғаудың ең тиімді әдісі. Коронавирустың таралу динамикасын ескере отырып, ерте ме, кеш пе, инфекцияны бәрі жұқтыратыны сөзсіз. Сондықтан, оған ағзаңызды алдын-ала дайындап, кем дегенде ішінара иммундық қорғаныспен қамтамасыз еткеніңіз жөн. Вакцинацияның сіздің өміріңіз үшін маңызы қандай екенін біліңіз!

Бүгін мектеп директоры Даирова Римма Байкенқызы және мектеп медбикесі Кипшакбаева Ельмира Маратовна және ата-аналардың қатысуымен жиналыс өткізілді. Вакцинацияның маңызы айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

   

Аса МАҢЫЗДЫ

Ата-аналар НАЗАРЫНА

 

РУБРИКА
АТАУЛЫ КҮНДЕР

18 қантар-110 жыл бұрын (1903-1989) жазушы, қоғам қайраткері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Әміров Құсайынбек Ахметұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Кеңес-партия мектебінде және Түркістан майданы саяси басқармасының лекторлар даярлайтын курсында оқыған. 1920-1921 жылдары 4-ші Түркістан атты әскер полкінің саяси қызметкері, 16-шы қазақ атты әскер полкінің әскери комиссары, Алматы уезі батырақтары бюросының төрағасы болған. 1920 жылы Д.Фурманов штабында күзетте болып, Верныйдағы контрреволюциялық бүлікті басуға қатысқан. 1921-1922 жылдары Үзген революциялық комиссиясының төрағасы, гарнизон әскери комиссары болып, басмашылармен күрескен. Қазақ өлкелік комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер партиясы Алматы губерниялық комитетінің бөлім меңгерушісі, Жаркент уездік комитетінің, Алматы губерниялық комитетінің хатшысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Қостанай облыстық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. Қоғам қайраткері 1938 жылы маусымның 22-інде «халық жауы» ретінде тұтқындалып жер аударылған. 1954 жылы ақталған соң Алматыға оралған.

Оның «Қарағанды таңы», «Өмір шақырады», «Жақсылық кезек күтпейді», т.б. кітаптары жарық көрген.

«Ленин» орденімен, медальдармен марапатталған.

Кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының оқу арқылы жетілуінің, кемелденуінің арқасында қол жеткен дамылсыз даму үрдісінің жемісі, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы. Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деуі осыдан. Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да – кітап екені ақиқат. Сондай-ақ оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге еліктеудің өзі, тіпті автордың өзі сияқты тұлға болуға құлшыну, бұл – теңдесі жоқ құбылыс. Демек, кітап оқу, бұл – текті кісілікке, кемел адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізу бағытында құрыштай шыңдала түсудің айтулы көрсеткіші екені хақ.

Кітап оқуға деген кешегі құмарлықты қайтсек қайта қалпына келтіреміз? Білім алушылардың арасында кітапқа деген қызығушылықты қалай арттырамыз? Осы сұрақтардың жауабын табу мақсатында мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында байқау ұйымдастырылуда. Байқауға барлық сынып оқушылары, мұғалімдер және де мектеп қызметкерлері қатыса алады. Толығырақ ақпарат Зарина Сабыржанқызынан ала аласыздар!!!!

РуБрИкА " БІЛГЕНГЕ МАРЖАН"

АТАУЛЫ КҮНДЕР. ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТ.

19 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

2011 жылы ҚР президенті "Назарбаев Университеті", "Назарбаев зияткерлік мектебі" мен "Назарбаев қорының" мәртебесі туралы" ҚР Заңына қол қойды;

2011 жылы Талдықорған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан этносаралық қатынастар саласындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубы құрылды;

2012 жылы Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде сайлау қорытындысы бойынша қазақстандық Марат Сәрсенбаев БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің құрамына сайланды.

"19 қаңтарда Қазақстанда кім дүниеге келді?":

1917 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 152-гвардиялық танкіге қарсы шабуылдаушы артиллериялық полктың қару көздеушісі, Кеңес Одағының Батыры (1945) Мұқатай Әбеулов дүниеге келді;

1966 жылы Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары Мүсілім Алтынбаев дүниеге келді;

1981 жылы жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының рекордсмені Евгений Мелешенко дүниеге келді.

Ата- ана және бала
Мектеп психологі Алтын Маралқызының ұйымдастыруымен ата- аналарға " Аутоагрессивті қозғалыстардың алдын алу" тақырыбында кеңестер жіберілді.
#атаанабала

 

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1120328922068625&set=pcb.1120329042068613&__cft__[0]=AZWKnteCYY3Sqy74WUzau4qbYdFe7X2Um65Bs9X2_e1XYBEy84ensnu7xnVCxJlAbjN6TYTnboTQKSE2lLSBHsV73qUjFm8Gd8twjtShglANIdkvRdN3ZPl_qjV-Ojt-QP4&__tn__=H-R

Ата-аналар мен оқушылар үшін ӨТЕ МАҢЫЗДЫ

Ата-аналарға және оқушыларға пиротехникалық заттарды қолдану ережелері туралы түсіндірмелі бейнеролик жіберілді.

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/342825343902531/

Мектебіміздің әлеуметтік ұстазы Дина Карменханның ұйымдастыруымен барлық оқушыларға " Ұрлық түбі- қорлық" атты бейнеролик жіберілді.

#заңсыздыққажолжоқ

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/4788802131199167/

Қайырлы күн! Құрметті достар!

Мектебіміздің 6- сынып оқушысы Рахымберді Ұлпан Облыстық деңгейде ұйымдастырылған "Жарқыра, жайна Жаңа жыл- Тәуелсіз қазақ елінде!" атты мерекесіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

#жаңажыл
#новыйгод
#happynewyear

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/660240341672066/

24 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары үшін қашықтықтан «Жарқыра, жайна Жаңа жыл- тәуелсіз қазақ елінде!» атты президенттік шырша өтті. Облыс әкімі Құмар Иргибайұлы Ақсақалов барша қатысушы балаларды жаңа жылмен құттықтап,өз тілектерін білдірді.Шараға Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатының 6-сынып оқушысы Рахымберді Ұлпан қатысты. Ұлпанға арнайы сыйлық велосипед пен ертегілер кітабы және тәттілер табысталды. Ұлпан өз кезегінде барлық қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап өзінің жылы тілектерін арнады.

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/440978600924500/

Жаңа жылым

Жаңа жылым, жаңа күнім, ардақты,

Жаңа жылым, салиқалы, салмақты!

Қазағымның айқара ашып есігін,

Жақсылықпен жаңалығын жалғапты!

Жаңа жылым, жаңа айым, ақ берен,

Жаңа жылым, келді бірге бақпенен!

Төрт түлігім түгел болып жерімде,

Арылмасын дастарқаннан ақ деген!

#жаңажыл
#новыйгод
#happynewyear

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/634384250937131/

Ұлпанның Облыстық Жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысып, керемет сыйлыққа ие болу сәті. Жарайсың Ұлпан!
Барлық ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!
#жаңажыл
#жаңабақыт

https://scontent.fpwq4-1.fna.fbcdn.net/v/t39.30808-6/267472018_1104671280301056_6096819559860006280_n.jpg?_nc_cat=101&ccb=1-5&_nc_sid=8bfeb9&_nc_eui2=AeFd5EjF0jXn5AuRoqwt9YvutKmvsMKOSZO0qa-wwo5Jk5osgJ3vB4m1W_vNl3BEmgQ2XPNpYTa2kSPZSPo3xPmn&_nc_ohc=gfvxmOjAeCsAX_YiSV-&tn=w_c0Lb_Glgek8Vc0&_nc_ht=scontent.fpwq4-1.fna&oh=00_AT_-TEYk2rNxMKPUVvcT_jtvORXBzBVIekEc-NEAdymKCw&oe=61E105D7

Қайырлы күн!

Бүгін аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері оқушылардың қысқы демалысқа шығуына орай қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

#қауіпсізөмір

#қауіпсіздікережелері

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1106457473455770&set=pcb.1106457560122428&__cft__[0]=AZVc4ZimbYuXxfarhrVOIwhxbhIpMHa7ARYNzS3ef2V89sVCQWZAte4ZM_XPajdiApOaH0bmI9upTjJpsxxcBpes4fBQTl8dBQ7TOL0ARfgHCqmWTNw13xj4omEqSmsn3tE&__tn__=H-R

Қайырлы күн!

Кеше интернат тәрбиеленушілері үшін Жаңа жыл мерекесіне орай шағын мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып өтті.

Балаларға жақсы көңіл күй сыйлағандары үшін Бахытгүл Муптийқызына, Анар Маулитқызына, Асем Жанұзаққызына, Гүлнәр Дотейқызына, Болат Зейкенұлына және Медетова Замираға, Жансая Нұрмұхамедқызына алғысымызды білдіреміз.

#жаңажыл

#жаңабақыт

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1106991580069026&set=pcb.1106991936735657&__cft__[0]=AZWMju8sIcQTUKTq3JNZ7jbcTflsjUxELBJI6ObKgTKGOQPZ_Lum98c5tsYXowl1y8mzOG62R7nigqGjvAXcSSMRGEimqITvMNKXbCBhh7oZYmBCxdg0V0R2L3UL5ZlWW5w&__tn__=*bH-R

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА

Адамның ағзасына орасан зор зақым келтіретін химикалық және есірткі заттар туралы ата-аналарға жаднама қағаздары жіберілді.

#баладенсаулығы

#өзіңдісақта

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1107067673394750&set=pcb.1107068116728039&__cft__[0]=AZUWP9Bdv0ORIBxuZLwokSGfhK5hPgQjyIDDlUDPyPKozk-p5NepQb2YS2T9PpmWBIr5pECT87F3ByJMnZkAMxXRWTbGwu6KTdpGnk5hx8omkv_1aj3nF5Rfr1Rd1m2MnN0&__tn__=*bH-R

Мектебімізде Жаңа жыл мерекесіне орай " Еркетай" мектепке дейінгі шағын орталығының кішкентай бүлдіршіндеріне шағын мерекелік шара ұйымдастырылып өтті.

Көңілді шараны ұйымдастырып өткізгені үшін Асем Маралқызына және Жанаргүл Инибекқызына алғысымызды білдіреміз.

#жаңа2022жыл

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1107623403339177&set=pcb.1107632440004940&__cft__[0]=AZVqxwn_o88ALrUylhwczrSN7cQOKIbcwnLX-Mc1I1NsGXOqf1lDyhYPirUGWJrskfMktvO5isOh5TsL7-F4rqn92NemSBNpEG6APJZCwO_-66H7lGayfk9uomGswyd3ci8&__tn__=*bH-R

Қайырлы күн!

Келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орай даярлық тобы балалары үшін " Төрлет, Құтты Жаңа жыл!" атты шағын мерекелік шара ұйымдастырылып өтті.

Балаларға жақсы көңіл- күй сыйлап, шараны қызықты ұйымдастырғаны үшін Асель Балтабайқызына алғысымызды білдіреміз.

#жаңа2022жыл

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1108061806628670&set=pcb.1108062256628625&__cft__[0]=AZUtGYjdrBAvkMZQ3Jzd5O3FCcx5n0fCV-iSYuglBXH-1NmrSBoPFc9_JasI0Dbw6ULPP8aPuXYhIu9toiOLqEmANAwBJ-qnvzNVNy2ESoxAfJX52aSvD7hUD4tQOop9Ygc&__tn__=*bH-R

Қайырлы күн!

Келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орай 1-сынып оқушылары үшін " Ғажайып Жаңа жыл" атты шағын мерекелік шара ұйымдастырылып өтті.

Балаларға жақсы көңіл- күй сыйлап, шараны қызықты ұйымдастырғаны үшін Арайлым Аманқызына алғысымызды білдіреміз.

#жаңа2022жыл

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/4902326426501504/

2-сынып оқушылары үшін " Қош келдің, Жаңа жыл!" атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып өтті.

Балаларға керемет көңіл- күй сыйлап, шараны қызықты ұйымдастырғаны үшін Жанар Көшербайқызына алғысымызды білдіреміз.

#жаңа2022жыл

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/609626736927947/

Жаңа жыл қарсаңында мектебімізде көпбалалы отбасы балаларына,оңтүстік өңірден қоныс

аударған отбасы балаларына тәтті сыйлықтар таратылды. Демеушілік еткен Нұрахметов Ербол Сейітұлына, Амиркин Қайрат Серікжанұлына, Воробьева Галина Марциновнаға, Бегенова Турсун Уташевнаға,«Есей-Агро" жеке меншік шектеулі серіктестігіне алғыс білдіреміз!!! «Қайырымды болсаң-қайырын көресің» демекші жасап жатқан жақсылықтарыңыз Алладан қайтып, істеріңіз оңға баса берсін!!!!

#жақсылықжасау
#қайырымдылық
#қайырымдыбол

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1108770053224512&set=pcb.1108770186557832&__cft__[0]=AZV_BaKOaTneYUEV0e2TA-ktqFy7DH5US3qrRyPhBEE4RlVQ_ScpWYDwYdt90d8u4SbCJVuwz7bMHmh8KlybwURZMZ0xG1YOeqEph4EOJOrjJhZPy8O9PliMvqSUHDOfosw&__tn__=*bH-R

Бүгін жаңа жыл қарсаңында «Дзю-до» спорт түрінен жаттығушы жас спортшылар үшін керемет қуанышты күн болды. Қуаныштың басты себебі- жаттығушы жас жеткіншектер үшін арнайы жаттығу жасауға арналған әр түрлі салмақтағы макеттер сыйлыққа тартылды!!! Демеушілік еткен Нұрахметов Ербол, Алиев Ничат,Қыдыбеков Орал, Сұлтанов Рауан атты азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Жақсылық жасаудан жалықпаңыздар, жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеніп қайтсын демекпіз!!! Мектеп директоры Даирова Римма Байкенқызы, жаттықтырушы Курманов Еркебұлан Мұратқанұлы өз алғыстарын айтады. Жаңа жылда жас спортшыларымыз біраз биіктерді бағындырарына сенеміз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1109003383201179&set=pcb.1109003643201153&__cft__[0]=AZWz8FCtpc2ackNT7dc4JyVLHcArRevMsCuSHTinfi8yvI5lQzqYssbcjDIbMJ5c2tDuJ0YLODrhzs6NzY8zH6_7oGiyals1iWKcV7Q-4t97zSdUscAA17_7xahw4yW2rtw&__tn__=*bH-R

3-сынып оқушылары үшін " Төрлет, төрлет, төрлет Жаңа жыл!" атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып өтті.

Балаларға керемет көңіл- күй сыйлап, шараны қызықты ұйымдастырғаны үшін Ақтолқын Қазтайқызына рақмет айтамыз.

#жаңа2022жыл

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/981777209353281/

4-сынып оқушылары үшін " Төрлет, төрлет, төрлет Жаңа жыл!" атты мерекелік шара ұйымдастырылып өтті.

Балаларға керемет көңіл- күй сыйлап және шараны қызықты ұйымдастырғаны үшін ардақты ұстазымыз Ботакөз Әбдірқызына алғысымызды айтамыз.

#жаңа2022жыл

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/443369303938155/

5-7 сынып оқушылары үшін Жаңа жыл мерекесіне орай шағын мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып өтті.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1110648929703291&set=pcb.1110649213036596&__cft__[0]=AZVI9YsBhn66QNLHCYFo3gyjfmrM0CrfZMe0J2rHAvtbFZm5HjutzM87wMV6Wo_Pubhn7ePEFaKnG_IfnFeN45Ze1KCOBLU1eDsa9-ISKr5ASxovyUpYPo_KDTES4IlwlX0&__tn__=H-R

8-11 сынып оқушылары үшін Жаңа жыл мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастырылды.

#жаңажыл

#жаңа2022жыл

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1110649903036527&set=pcb.1110650256369825&__cft__[0]=AZVvxGgDCOJW6GS3-xToPpJanH-Z7L2sloJgE-W371PHKd6tLc7PVR70HJtLKXS6LcAgxxuZyAKOcQJutfTIBZ8uQbuSghCBK6HG7wRfbdPQjD82YqDpKPXZFuEpjdzoBAs&__tn__=*bH-R

"Қазақстан балалары - қысқы ертегі"

"Жаңа жыл - отбасылық мереке" атты отбасылық фотосуреттер көрмесі.

#қазақстанбалаларықысқыертегі

#детиказахстаназимняясказка

https://www.facebook.com/photo/?fbid=1112890242812493&set=pcb.1112890476145803&__cft__[0]=AZUIZy9xYHwZ3B8slY3itR2FthQiHH-8kx01lTz_GjTMVGaaKoPkBIOqmo3BviDmKRzD67tEenIGDBcFlisZ6qKn-mmXauLI-RgJb8lazTBRA-Q7sOB7PH1YnutMkH5QQ6M&__tn__=*bH-R

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында, "Тұңғыш Президент" күніне орай оқушыларға ақпараттық бейнеролик жіберілді.

#тұңгыш_президент_күні

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1085248935576624&id=100022745829643&__cft__[0]=AZWuzSblqafPrF3P_5nJUHJvs2cduAKjNSaJFLHMBtzgQuAVs8g-BBXxTGWzsCLSPafJGdh_qvN4TEdqLSxmX9SRy3ITtpOFPcqTBNuaOHrwfi8dcMn9kv-zmFKaBBIUxyY&__tn__=%2CO%2CP-R

23 қараша - Жалпыадамзаттық құндылықтар күні.

Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы. Осы орайда бүгінгі таңдағы мектептерде жүргізілетін тәрбиенің өзіндің басты мақсаты да осында айқындалып, бағыты белгіленуі қажет.

Сондықтан, қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзеді.

Мектеп Кітапханашысы Зарина Сабыржанқызының ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында 5-сынып оқушыларына рухани-адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптарды таныстыру өткізілді. Шара мақсаты оқушыларға қарым-қатынас жарастығы туралы түсінік бере отырып сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1085289908905860&id=100022745829643&__cft__[0]=AZVTw7rzKVmRizP-cnXuPa70jvIdiZZwZBdnQ3Nm1mkijEG0PkyFWJVTED432ffc8o2PK93q9kKL7HCBE4MjFS-u9QACBGiyRrwmz-D0SArKvkClxxJMjfGyV2lQRYIVnow&__tn__=%2CO%2CP-R

ҰЛЫ КӨШКЕ - 30 ЖЫЛ!

1991 жылдың 18 қарашасында шетелдегі этникалық қазақтарды Қазақстанға көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданған болатын.

«Ұлы көш 1991 жылы басталды. Бұған Елбасының тапсырмасымен Қазақ КСР Министрлер кабинеті қабылдаған №711 қаулы ресми түрде жол ашты. Бұл құжат 1991 жылғы 18 қарашада қабылданды. Көп ұзамай Елбасы «Алыста жүрген ағайынға ақ тілек» атты Жолдауын жариялап, шеттегі қандастарымызды елге шақырды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев сол шарада. Мемлекет басшысының мәліметі бойынша, содан бері 1,5 миллионнан астам қазақ тарихи отанына қоныс аударған. «Бүгінде олар егемен елімізді өркендетуге өз үлесін қосуда. Солардың ішінде Ауыт Мұқибек және тағы басқа қоғам қайраткерлері Ұлы көштің тарихи рөлін ескеріп, арнайы күн белгілеу қажеттігін айтып жүр. Үкіметке осы тарихи датаны атаулы күндер күнтізбесіне қосу мәселесін жан-жақты қарастырып, тиісті ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді Президент.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1085311208903730&id=100022745829643&__cft__[0]=AZW9rF_CKTCj2sXSfbC0a7_wtK9NrBrFJicn-1_Gd5vG7uGUDa0tsWVgnxNboOrykYwR3m8EzT0CqgTu7ZfJz6MyhVtxOcf35Ts02WcRxDTRdo45O4p-lStAXIcIa7E66qk&__tn__=%2CO%2CP-R

Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай Аға тәлімгер Алия Каиргельдиновна 2-сынып оқушыларына «Сүйіспеншілік- адамның басты қасиеті» тақырыбында шаттық шеңберін өткізді. Шара мақсаты оқушыларға құндылықтар қасиетін түсіндіру, жақсылық пен жамандықты айыра білуге баулу.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1085328102235374&id=100022745829643&__cft__[0]=AZXKiX1mFiXIO2cmj9n486z1srkyu4yZXO89uY_k_u3VshFZIA8wDHL4RsFLW7OBjQxS1SkD3UHPdbPnF7FuK24ZY4wEmtu2aECnmrVLEr9D794hCwsfLujXOjKYkoMBg_o&__tn__=%2CO%2CP-R

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында 7-11 сынып оқушыларына "Тәуелсіздікке 30 жыл!" атты ақпараттық бейнеролик жіберілді.

Мақсаты: Тәуелсіздікке жету жолында халқымыз қандай қиындықтардан өткені туралы оқушыларды хабардар ету. Өз елін, халқын құрметтеуге, сондай-ақ туған жеріне сүйіспеншіліктерін ояту. Оқушылардың бойында нағыз патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1085816848853166&id=100022745829643&__cft__[0]=AZW9PsXIRk7hpMBjj4c9HkiwnatLxuo5U2RFnejiMohj4LbEAmb2x2ckUTS9-WFvF2DAdMNDhZ4FMwfLcGObcD7RiRlG7Pm1n2fFVcZWY2RqvAfydqPSaNaiP0xlTGqlKpI&__tn__=%2CO%2CP-R

Қайырлы күн құрметті достар!

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС/АИТВ-пен күрес күні Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 1988 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі.

1996 жылдан бастап БҰҰ-ның АҚТБ/ЖҚТБ (ЮНЭЙДС) Біріккен бағдарламасымен өткізіледі.

#жқтб_ға_қарсымыз
#мыпротивспида
#бізбіргеміз
#мывместе

 

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/493166155335420/

ЖҚТБ-ға жол ЖОҚ

Біз ЖҚТБ-ға ҚАРСЫМЫЗ

#жқтб_ға_жол_жоқ
#бізбіргеміз
#скажиСПИДунет
#мывместе

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1087060942062090&id=100022745829643&__cft__[0]=AZWmkekfHXbJR0NvCl1mXSdS0Lu0WJEI6u_YAj48iI5ujiMwUz7wyQcKESKkqZIm0c_OzjVuBJ5QjaoehUY4lla158fRTCh_RHTHv7V_u6VHVqy441HrkZbBc6WoRo0eVKI&__tn__=%2CO%2CP-R

Ата-ана және бала
Ата-ана үшін пайдалы кеңестер
Құпиялармен бөлісеміз

Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері!

Естеріңізге саламыз

Бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілік сізге жүктеледі.

Күн сайын балаңызға жол ережелері туралы ескертіңіз:

Ересектерсіз жолға шығуға болмайтындығын, егер ересек адаммен бірге келе жатса қолын босатпауды, тротуардан шықпауды;

Көшеде​ жай қадаммен, асықпай тротуардың оң жағымен жүру керектігін;

Жолдан өтер кезде жаяу жүргіншілер тротуарынан бағдаршамның жасыл сигналына барлық көліктердің тоқтағанына көз жеткізуін;

Жүріс бөлігі тек көлік құралдарына арналғандығын;

Қоғамдық көлікте қолын немесе қандай да бір заттарды терезеден шығаруға болмайтындығын.

Естеріңізге саламыз

Егер сіз балалармен қонаққа барсаңыз немесе қонақтар келген болса:

Сіздің балаңыз әрқашан ересектердің назарында болуы керек.

Балаларға арналған ойын алаңын зерттеңіз, бұл орынды қауіпті заттардан (өткір, кескіш, сіріңке, тоққа қосылған заттар және т.б. босатыңыз.).

Балалар ас үйде, ыстық қазандықтардың жанында, ашық терезелер мен балкондардың жанында ойнап жүрмегеніне көз жеткізіңіз.

Егер балалардың ойын алаңы жолдың жүру бөлігіне жақын болса, балаларға өте мұқият болыңыздар

"Тұңғыш Президент" күніне орай мектеп кітапханашысы З. Мырзагалиева "Елін сүйген Елбасы" атты кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар президенті.

Ол да аямай жанды салды,

Жету үшін мұндай сыйға,

Нұрсұлтан Назарбаев Ел басшысы

Көгіңдегі тудай сыйла.

Біздің оқушыларымыз сіздерді келе жатқан " Тұңғыш Президент" күнімен құттықтайды.

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/634729577721499/

Қайырлы күн құрметті достар!

"Тұңғыш Президент" күніне орай 4,5 сынып оқушылары үшін " 10 сұрақ" атты викториналық ойын өткізілді.

Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларымыз сыйлықтармен марапатталды.

Мақсаты: Оқушылардың Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі, оның Қазақстанның дамуына қосқан зор үлесі туралы біліміндерін кеңейту және тереңдету, сонымен қатар Елбасы үлгісіндегі отансүйгіштікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/935377230708768/

"Тұңғыш Президент" күніне орай барлық сыныптарда " 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні" атты тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өтті.

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/2955362471393674/

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, "30 жұлдызды күн" жобасы аясында, Тұңғыш президент күні қарсаңында Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп-интернатында орналасқан "Өлкетану" мұражайының ашылу рәсімі өтті. Мерекелік шараға Тимирязев ауданының әкімі Кеңесов Нұрлан Маратұлы, аудандық маслихат хатшысы Асанова Айман Серікқызы, аудан әкімінің орынбасарлары Макенова Ж.Е, Нуртазина Ү. Қ, Тимирязева ауылдық округінің әкімі Мустафина Раушан Едисовна қатысты. Аудан әкімі Нұрлан Кеңесұлы сөз сөйлеп, көпшілікті мұражайдың ашылуымен құттықтай отыра, Тимирязев ауданының тұңғыш әкімі Трошихин М. В визит карточкасын және де "Север-2020" Облыстық қысқы спорттық ойындары көріністерінен жасалған буклетті мұражайға табыстады.

#30жұлдыздыкүн
#руханижаңғыру
#тәуелсіздік30жыл

 

Сіздерді 1 желтоқсан – Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.

Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілейміз.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1090491155052402&id=100022745829643&__cft__[0]=AZVlTo4AaPesaP0ixL_7hZxRkJmATsjsg3MQpJ0H-zUiJtL0M7KmEmJVkZjO35sJ33fMfN0H4y7qJZYqn6TnQ5vgm6EUQ6pwnRJHtr3LS79kHW40_PSxpLqIILKwSqWnLZo&__tn__=%2CO%2CP-R

"Желтоқсан батырлары"

Желтоқсан құрбаны- Қайрат Рысқұлбеков Алматы архитектура құрылыс институтының студенті.

1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. 1988 жылғы мамырда- қайтыс болды.

1996 жылы 9 желтоқсан- "Халық қаһарманы" атағы берілді.

#желтоқсанбатырлары
#мәңгіесімізде

(кайрат рыскулбектн сотка берген жауабынан) хальжк каһарманы (1966-1988) кайрат рыскулбек кунэдан таза басым бар, жиырма брде: жасым бар, каскалдактай басым бар, бозторгайдай жаным бар, алам десен, алындар! деген ятым бар, азак затым дap, еркек курбандыжк" атам атыцдар! (кайрат рыскулбектн шыгармаларынан)»)" style="width:228.75pt;height:213pt;visibility:visible;mso-wrap-style:square">

" Желтоқсан батырлары"

Желтоқсан құрбаны- Ербол Сыпатаев Алматы энергетика институтының студенті.

1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, қайтыс болды.

#желтоқсанбатырлары
#мәңгіесімізде

Ата-аналарға кеңес

«СҚО облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өткізілген «Этностардың алтын қазынасы-2021» байқауында Тимирязев қазақ жалпы білім беретін мектеп-интернатының "Арай" этноклубы ІІІ орын иеленді. Байқаудың мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысында тұратын этностардың мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау және дамыту, аймақтағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, өңірдегі этностардың түрлі мәдени аспектілерін кеңінен жариялау, халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары наұқыпты қарауды және құрметтеуді қалыптастыру.

«Арай» қазақ ұлттық мәдениет орталығы 2008 жылы Тимирязев жалпы білім беретін қазақ мектеп – интернатында құрылды. Мәдени орталықтың негізін қалаушы — бірнеше жылдар бойы мектепті басқарып келген Айман Серікқызы Асанова.Қазіргі таңда этноклуб жетекшісі – мектеп директоры Даирова Римма Байкенқызы.
Орталықтың мақсаты: Тарих қойнауын сақтау, қазақ елінің дәстүрін жаңғырту, өсіп келе жатқан жас ұрпақты ұлттық мәдениет үлгілері негізінде тәрбиелеу, әлеммен қарым-қатынасты орнату. Мәдени орталықтың құрамында: 100 – ден аса мектеп ұжымы, оқушылардың ата – аналары, әрі оқушылар бар.«Арай» қазақ ұлттық мәдени орталығы - аудан аумағында тұратын халықтардың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін,
мәдениетін сақтау және насихаттауға бағытталған іс шараларға үздіксіз қатысады. Олар халықтар арасындағы мәдени қатынасты дамытуды шақыруға мүмкіндік туғызады, олардың әрқайсысы еркін дамып мәдени бірлесуді қамтамасыз етеді.

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/475180370405440/

Бүгін мектебіміздің әлеуметтік ұстазы Дина Карменхан оқушыларға " Әлімжеттік және буллинг" тақырыбындағы ақпараттық видеоролик жіберді.

https://youtu.be/RCA_wFW-mSo

Қайырлы таң!

Күзгі демалысты жақсы өткізу үшін пайдалы кеңестер!

Бізден пайдалы ақпарат, сіздерден лүпіл

Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай барлық сыныптарға "Ұлт ұстазы" атты ақпараттық видеоролик жіберілді.

Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

https://youtu.be/cX7jeeYg6ZI

"Тыныс алу жолдарының ауруларын емдеу профилактикасы" тақырыбында оқушыларға "Тұмау. Оның пайда болу себептері. Тұмауды емдеу жолдары" атты ақпараттық видеоролик жіберілді.

https://youtu.be/d96pZIVlQhU

Бүгін мектебімізде "iQANAT" олимпиадасының аудандық кезеңі ұйымдастырылып өтті. Аудандық олимпиадаға Дзержинск , Комсомол, Жаркен және Тимирязев мектеп- интернатының оқушылары белсене қатысты. Олимпиаданы ұйымдастырған " iQANAT" олимпиадасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының координаторы Исенеева Айсулу Бикеновна. Координатор көмекшісі біздің мектебіміздің 11 сынып оқушысы " iQANAT" олимпиадасының қатысушысы, белсенді волонтері Омарова Сабина болды. Олимпиада жақсы деңгейде ұйымдастырылып, балаларға тренинг жүргізілді. Оқушылар көп пайдалы, тиімді ақпараттарға ие болды.

Күзгі демалысты қызықты ұйымдастыру мақсатында қашықтықтан оқушылар үшін "Отбасылық кітап оқу күні", " Кітаптар көрмесі" тақырыптарындағы шаралар ұйымдастырылып өтті.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1074665193301665&id=100022745829643&__cft__[0]=AZXzq2IFv7mgboYrxbiapNkU0cHyEyL0_UflsZ01m2nrfoFY9qnSr4t5-_1hADYl4L_8bRa0uwBY7EXMfymTf8GXlhG0e-2rhin-WJ74-tKPsc2yYSZoEhS-Z-3I2KPd2vI&__tn__=%2CO%2CP-R

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында мектебімізде әр дүйсенбі күні сайын 1 сабақта оқушылар мен ұстаздар санитарлық -эпидемиологиялық шараларды қатаң ескере отырып ҚР мемлекеттік әнұранын орындайды.

Мақсаты: Оқушылардың бойларында патриоттық сезімдерін дамыту. Еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін, құрметтерін арттыру. Еліміздің бетке ұстар нағыз азаматтар мен азаматшыларды тәрбиелеу.

Көктайғақ кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері жаднамалары жіберілді.

"Адал ұрпақ" мүшелерінің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларына " Жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында ақпараттық видеоролик жіберілді.

https://youtu.be/Pdkg_AUqdbs

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1077410959693755&id=100022745829643&__cft__[0]=AZXQeOGAAhNIEFk2NsVDW8eiHWeRriWwM0Oj1yhG6AHf_KpfT1UrNKGsg-s2jdxNMMUmdl8f5SC-VUVlDJhsHBPfVac_YpmVGrInDnzPamrUrPU_Wt1h2gR5Ed9DdLYpcGg&__tn__=%2CO%2CP-R

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ!

Назарларыңызға ​ төтенше қызмет телефон нөмірлері бар жаднаманы ұсынамыз.

Жаднаманы балаларыңызбен бірге көруді ұмытпаңыз.

Балалардың төтенше қызмет телефон нөмірлерін білуі оқыс оқиғаның алдын алуға көмектеседі.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1077984002969784&id=100022745829643&__cft__[0]=AZXEvAOD7t4QXwbxWdjhgN4hU6ejrO3E0XD-mNvOvGWpZpauFVPrMNZLQsq6l9osJAfPLk0kD6v-FcrjtJ6IkYKmXkop9LiG7aJiU-PBRcXzjgNiw9SX81txgCQFSD-0l_I&__tn__=%2CO%2CP-R

Қайырлы таң!

Мектебіміздің 9- сынып оқушысы Рахымберді Балнұр аудандық " Тұлпар мініп, ту алған!" сайысына қатысып жүлделі І орын иесі атанды.

Бүгін оқушымыз облыстық деңгейдегі сайысқа қатысу үстінде.

Балнұрға сәттілік тілейміз!

Біз саған сенеміз!

Тек алға!

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1078664599568391&id=100022745829643&__cft__[0]=AZVFdXxomBhb-z43hcNtJjfCcp106s3chN-WXRgccTXfAeW7JOqjMPDsohhM8oV8HyS6jzbrqDh4DcMnx1hwHd5Aqp51_HfkPJ9k9vRhzpyiSJaeDs4jWAfmoY0-ToTCZEc&__tn__=%2CO%2CP-R

Бүгін Тимирязев жалпы беретін қазақ мектеп-интернатының 6-11-сынып ата-аналары үшін Аудандық аурухана дәрігері Мухамедкалиев Ерік Серғазиевичпен ZOOM платфлрмасында вакцинация жөнінде түсіндірме жұмысы өткізілді. Жиналысқа ата-аналармен қоса, мектеп директоры Даирова Р.Б, мектеп медбикесі Кипшакбаева Э. М және сынып жетекшілер қатысты. Ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, жауап алды.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1078909392877245&id=100022745829643&__cft__[0]=AZWZeAANBYyWkxKlDWYMyVs7L7Mh-AF3HBLZl1NB41P8iuSz1joR7R5s7wsgDRKxOOyIEslbNObPA8sTmJwO0e67vm1vqontyVBvlM4N-tBXTAnxlUr-QpFY2m5plSdc-h4&__tn__=%2CO%2CP-R

Ыбырай Алтынсариннің180 жылдығы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақ күресінен Ұзынкөл ауданының аудандық турниріне мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі, Дзю-до спорт түрінен бапкер Курманов Еркебулан Муратканович өзінің жас спортшылармен қатысып келді.

Мураткан Мансур - І орын

Марат Досбол - ІІІ орын

Марат Даниял -ІІІ орын

Алиев Аслан -ІІІ орын

Алиев Амир -ІІІ орын

Султан Садық -ІІІ орын

Өтеген Аңсар -ІІІ орын

Қаиырлы Дияр -ІІІ орын

Жас спортшыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!!!

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1079661756135342&id=100022745829643&__cft__[0]=AZWFERU7wCmOfRt1GIVePid0I_dUclIlDB0YCaMsZ0KKBDutqg-RDZZR6lYbLcxHg55Kzlml9t20L1Rvm6j9-iTg6zmrihLFLIUEb-nbQBwTccaa_7XZ6YMhDAey47DpR3s&__tn__=%2CO%2CP-R

Тәрбие жоспар дайын 2021-2022 ТМИ (ZIP 67 Kb)

Тимирязев қазақ жалпы білім беретін мектеп-интернатының Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырып отырған іс-шара жоспары

  Іс-шара мазмұны Мерзімі Жауапты
1 «Жыр алыбы Жамбыл» кітаптар көрмесі Ай бойы Кітапханашы,сынып жетекшілер
2 «Жүз жыл жырлаған жүрек» шығарма жазу Ақпан, наурыз Тіл мамандары
3 «Ғасыр ақыны» жыр мүшәйрәсі Ақпан, наурыз Тіл мамандары
4 «Жүз жасаған Жамбыл» біріңғай сынып сағаттар Ай бойы Сынып жетекшілер
5 « Ғасыр ғұмырлы ғажап ақын» дөңгелек үстел Наурыз Тіл мамандары

Тимирязев қазақ жалпы білім беретін мектеп-интернатының Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымтастырып отырған іс-шара жоспары

  Іс-шара мазмұны Мерзімі Жауапты
1 «Ахмет Байтұрсынов және қазақ қоғамы» дөңгелек үстел Ақпан, наурыз Тіл мамандары,тарихшылар
2 «Дәуірдеізіқалғантұлғалар» көрмелер Ай бойы Кітапханашы,сынып жетекшілер
3 «Алаш көсемі - Ахмет» сынып сағаттар Ай бойы Сынып жетекшілер
4 «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» семинар Ақпан, наурыз Тіл мамандары
5 «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы» Ақпан, наурыз Тіл мамандары

 

Бекітемін
Тимирязев жалпы білім беретін
қазақ мектеп – интернатының
директоры Даирова Р.Б
« » ------------------------------- ---------

Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау бойынша жылдық жоспар 2021–2022 оқу жылы

Іс - шара формасы
1 Қыркүйек  
2 «Мемлекеттік Рәміздер – мақтанышым» Тәрбие сағаттары
3 «Мемлекеттік Рәміздер» Көрме
4 Қазан  
5 ҚР Рәміздерін насихаттау бойынша әкімшілік отырыс Отырыс
6 Қараша  
7 Мектеп кітапханасында «Рәміздер – елдігіміздің белгісі» Көрме
8 Желтоқсан  
9 «Рәміздерді білесің бе» викториналық сұрақтар Викторина
10 Қаңтар  
11 ҚР Рәміздерін насихаттау бойынша әкімшілік отырыс отырыс
12 Ақпан  
13 «Менің отаным – Қазақстан» Тәрбие сағаттары
14 Наурыз  
15 «Біріңғай ақпараттық күн» Ақпарат беру
16 Сәуір  
17 «Елім менің – Қазақстан» Сынып сағаттары
18 Мамыр  
19 «Рәмізім – елдігім» көрме

Бекітемін
Тимирязев жалпы білім беретін
қазақ мектеп-интернатының
директоры Даирова Р.Б

2020-2021 оқу жылына ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жұмыстарының іс-шаралар
ЖОСПАРЫ

Іс-шаралар атауы және өткізілу формасы Сыныптар Өткізілу мерзімі Жауаптылар
1 Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі талқылау 9-11 сыныптар Қыркүйек Мектеп әкімшілігі
2 Сандарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі сынып сағаттары 5-11 Қазан Сынып жетекшілер
3 Қоғамдық келісімді нығайту Мұғалімдер мен оқушылар Қазан ТІО тәлімгер
4 Президент Жолдауына арналған стендтерді көркемдеу көрме ұйымдастыру 1-11 сыныптар Қараша Мектеп кітапханашысы
5 Ел болашағы-жастар дебат сайысы Дебат клубының мүшелері Желтоқсан ТІО тәлімгер
6 Қарқынды дамыған және инклюзивтік экономика пікір алмасу 9-11 сыныптар Қаңтар Тарих пәнінің мұғалімдері, сынып жетекшілер
7 Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі Мұғалімдер мен оқушылар Ақпан ТІО, тәлімгер
8 Елбасы Жолдауының басты мақсаттарына бірге жетейік волонтерлар жылы сайыс сабақ 7-9 сынып Ақпан Тәлімгер
9 Насихаттау жұмыстарының қорытындысын шығару 5-11 сыныптар Сәуір – мамыр ТІО, тәлімгер

Экология апталығына орай бастауыш сынып оқушылары «Тұрмыстық қалдыққа екінші өмір сыйла» тақырыбына байланысты қолдан түрлі бұйымдар жасады.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=955053235262862&set=pcb.955053408596178&__cft__[0]=AZXKXyGb6_LHT-RXATXnPpvPw713rWF0IGY7xYo3_4Mre62cjjqM54komR_DsnDYBoyqaxgage_uZ_9zLypHhUbKDD3s_fcrAT6lmss6zH638TlTF5CvpLjcA3yLf1YjTGM&__tn__=*bH-R 

9 мамыр күні Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнін атап өтеді. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі.

Аталмыш мерекеге орай, оқушылар бойында патриоттық сезімді арттыру мақсатында барлық санитарлық-нормалар сақтала отырып, ашық алаңда 8-10 сынып оқушылары сапқа тұрғызылып, АӘжТД пәнін ұйымдастырушы Б Ө.Даиров Ұлы Жеңісті жақындатқан батырлар, ардагерлер, тыл ардагерлері туралы ақпарат берді.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=957131865054999&set=pcb.957132308388288&__cft__[0]=AZVmK9613Zjo9_1SxZM8_sVx-ju60fiPWJX0u9r9iSXaCK3IMLPU-6s25QUMpfbtPlg_LsZNIX8lvmXc0H-jFM9-SpmDhbFzowAnI8Dmuxn9cehm4KzC3Lc2Jv1PgwB5SX8&__tn__=H-R 

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру, оқушылар арасында достықты нығайту, спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында АӘжТД пәні мұғалімі Б Ө.Даиров және дене шынықтыру пәні мұғалімдері Н.С.Байлин, А.Ахмет " Мықтылар, батылдар, шапшаңдар" атты әскери-спорттық ойын ұйымдастырды.

Ойын барысында:

1.Топ аты, ұраны айтылды

Газ тұмылдырықты уақытпен кию, АК-74 автоматын бұзу-жинау, Пневматикалық қарудан нысанаға ату.

5 Бірнеше спорттық жаттығулар.

Нәтижесінде ұпай санымен

8 сынып -1орынды иеленді.

10 сынып 2- орынды,

9 сынып 3- орынға ие болды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=957133005054885&set=pcb.957134038388115&__cft__[0]=AZVt8FvGX0KWYzoFcmp37rrOy1oDEkvDxAcJJnnJnqXZIGyqyDeLZr27Sr0ooXniPfF4P5-Qnr5gd8hrVcDcdIctFxxoqFrwOUvWyegn7kNqEusGnuRkTL2icfBDn1TSETY&__tn__=*bH-R 

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=957262581708594&set=pcb.957265141708338&__cft__[0]=AZUPILc1iKhz66LpCZNUXHxRsf_EgtPUKIK9RwBJ_TG8qMgvSIttDLA_j8p6gBblYdVcdqdIA64IDAJNkqZCqJ5Xge42WobZHGrdOGoMGddGH9Xlo9Dz-i0qeYEIZ5UbOAM&__tn__=*bH-R 

Бірлік күніне орай мектеп кітапханашысы А.А. Махамбетова «Халықтар достығы» атты көрме ұйымдастырды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=957299011704951&set=a.138849106883283&__cft__[0]=AZV_qds9CIl1fQSESxR25izD1ZS74V90hNf6veoimo5Ds0W1h8N8elL0hk1BTs_fiif_FFgM6X0i3QMA8DgI_RlOIC3nEU0SIpyJcW8B_uUHyF2DmS85K_l7a0vvor-c9e4&__tn__=EH-R 

Ұлы Жеңіс мерекесі әрі Отан қорғаушылар күні қарсаңында республика көлемінде өтіп жатқан «Патриот» айлығы аясында 10-11 сынып оқушылары АӘжТД пәні мұғалімі Б.Ө.Даировпен барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Тимирязев аудандық ішкі істер бөліміне, бөлім мұражайына барып келді.

Аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры Р.С.Бигужин оқушыларға ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің атқаратын жұмыстары туралы шағын ақпаратпен бөлісті.

Жалпы «патриотизм» сөзі өз еліне деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімі. Қазақ даласын, жерін қорғау үшін қаншама ата-бабаларымыз өз жанын, қанын қиды! Дұшпандарға қарсы тұрды!

Ал, біз қазір сол бір бабаларымыз алып берген тәуелсіз елде, жерде өмір сүрудеміз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=957908228310696&set=pcb.957908441644008&__cft__[0]=AZVt39Hamt0iZ-zoo6Mngq7fUL23l-V8LaqrLCbvFkuwDGQ9wJzA48Ez0V7iBbp0Du-0l3TIw75DE4MhBMalqkIQu35JwyzgyCSaPQY_p9keQ7nZMEPGOE5amDH8LRaTryg&__tn__=*bH-R 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін!

Мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері әкелеріне арнап өз қолдарынан сыйлық жасады.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=958681078233411&set=pcb.958681291566723&__cft__[0]=AZVH4mJkrD2sjNkD5uGcn6CZ-qUB1aghigA-ThERKfXXZEUlDsYcYuVKyrURlNaSgzsAJ4g82T4NT6fUR6EEFOg89tGA-OsxV1o9AUx9tRzD3KWnh3OM7mWZcr01Nf5weOk&__tn__=*bH-R 

Қыздарымыздың ұстаздарын, сыныптастарын құттықтау ролигі.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/958952858206233/ 

#Кітап_окитынмектепжобасы аясындаЫАлтынсариноқулары#

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Дина Карменхан және мектеп кітапханашысы А.А. Махамбетованың ұйымдастыруымен Ы. Алтынсариннің оқулары өткізілуде.

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/961625281272324/ 

Мектеп оқушыларының ата-аналары үшін ақпараттық хабарламалар жіберілді.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=962136027887916&set=pcb.962136081221244&__cft__[0]=AZXjwzKflZ4DB2thwEOBmF08ttLZcsKMQ13ddkZ3LguBMuQJAh6nP6eK3QmFuEizjoDxWpIzH09gJIoEvm-u4hdTmFbrczzPIUYB9skQP_pC9nZlZ8YtC4IIrgx6NwPIQA4&__tn__=*bH-R 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушыларға «Ұлы даланың, Ұлы есімдері» атты бейнеролик ұсынылды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=962176784550507&set=pcb.962176887883830&__cft__[0]=AZWeyUiWTrLhEpyCVt5uQEaRGyesZjHhYzGaXMP2joShui3AzzUodM44Q5qAzGFPHnuIcGZjBFaJ8HKiuuenfGKxXqVZQeqpnX4cfGQ9ltpZ66HPBKtqpEbcIcSTOiWvUHA&__tn__=H-R 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мектеп кітапханасында А.А. Махамбетованың ұйымдастырылуымен оқушыларға 10 томдық жинақ көрсетіліп тарихи кітаптар туралы ақпарат берілді.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=962650311169821&set=pcb.962650514503134&__cft__[0]=AZXRBTDeIOeGNNbkhpMNQmdRMYh6MiOiD_PTdd4lKWYETU01a7mKVrR3vZyQZzk_mFSyjaOEuAt8IkvHjJjDpcFxbF_1gGMzTUwu7Xz_-iDrbmzVA4oXQMgiBgqExa2CEp8&__tn__=H-R 

15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне орай мектеп кітапханашысы А.А. Махамбетова кітап көрмесін ұйымдастырды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=963358977765621&set=a.138849106883283&__cft__[0]=AZUJ1qns4Q5bCiq54MvM6ZENO9dxpc0NJ9Tsv9NY8cxpLWTQMjj5Rh-Nzg9Yvz4xcBPZdPsjvzOuotrX8yTbJduslgn7duO8yEvZpXWcsIOztL9w9gC5VEQ2RgWTd_m22pU&__tn__=EH-R 

Мектепте жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы барлық сыныптарда өтілді.

Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды 2020-2021 оқу жылының қорытындысымен таныстыру. Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік ережелері туралы хабардар ету,

«Жазғы мектеп» бойынша ақпарат беру,

«Жазғы демалысты ұйымдастыру ақпараты», ҰБТ, ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ тәртібі, т.б. сұрақтардың орындалуы мен қадағалануы туралы айтылды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=969826107118908&set=pcb.969826480452204&__cft__[0]=AZVKyjzBOYT5VxAfgiTsqwEddGIrGFJEm-Mjm3WbZVALRU_m7_iu9gWPTJ27P6bJgQGD1A1vrnzGNlG0dGxxsnNN2PgwP1_iIutst29fUA9QL5lPMmLHJ5V4xGTOSFqf1Dk&__tn__=*bH-R 

25 мамыр қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып, салатын – соңғы қоңырау салтанаты!

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл — қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасты. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=970651110369741&set=pcb.970651347036384&__cft__[0]=AZW6ZQp42O2UBusDXysCPfsz6EFOkuIMcaFK5q3qdt2nhoeFXGgexro6BTQeq5y9PCM4tRYZkUVO9jUhhufwTDV4OjfpIZcYA_XHDDFMi2Fd_opOGHOkgy8y1tLA8daORk4&__tn__=*bH-R 

Сарайшық жеріне виртуалды саяхат

«Мен мақтан ететін тұлға» ойыны.

Оқушылар үшін тамақтану тақырыбы аясында шағын ақпараттар берілді.

Вирус пен бактериялардың көпшілігі адам ағзасына тағам өнімдері арқылы түсуі мүмкін. Сондықтан тамақтанар алдында есте ұстау қажет кеңестермен бөлісеміз

  • қолды таза ұстау;
  • шикі және піскен тамақ өнімдерін бөлек ұстау;
  • тамақты әбден қайнату, пісіру;
  • азық-түлікті тиісті температурада сақтау;
  • таза суды пайдалану.

Денсаулығыңызға көңіл бөліп жүріңіз

Дәстүрлі «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында кеңінен танымал. Жоба әдебиетіміздің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылып келе жатқан акция биыл 15-ші рет өткізілуде.

Жыл кітабы болып таңдалған кітаптар республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларында кеңінен насихатталатын болады.

Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына — 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр.

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/893382071429979/ 

15-қаңтарынан 15-ақпан аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы өтуде. Іс-шара мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарында мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол ережесін кеңінен насихаттау болып табылады.

Тимирязев мектеп-интернатының оқушылары және ата-аналары үшін қысқы каникул алдында қауіпсіздік нұсқаулықтары тағы бір таныстырылып, қайталанды. Әсіресе, қысқы демалыс кезіндегі, оның ішінде мұз, сырғанақ үстіндегі қауіпсіздіктер ережесі бейнеролик, презентация түрінде көрсетіліп, талқыланды.

Пиротехника қолдану ережелері туралы да ақпарат берілді.

Теміржол, жол, электр қауіпсіздігі, пеш қолдану, киберқауіпсіздік, ауа температурасының жоғарылауы кезінде далада жүрмеу, бөгде адамдармен сөйлеспеу туралы нұсқаулықтар үнемі жаңартылып, қайталанып отырылады. Бала қауіпсіздігі -басты орында екенін ұмытпайық.

Пиротехника-фейерверктер, салюттер, шартылдақтар мен бенгал оттары – қысқы мерекелер алдындағы ең танымал тауарлар болса керек. Осы қолданыстағы тауарлар құрамында әдетте, дәрі, химиялық қоспалар және еріксіз көңіл көтеруге мүмкіндік беретін металдардың санын қамтиды. Пиротехникаларды қолдану ережелерін орындамау және жарамдылық мерзімі өткен жағдайда, сонымен қатар оңай тұтанғыш материалдарға жақын орналасса, өрттің орын алуына немесе басқа келеңсіз жағдайдың туындауына әкеліп соғуы мүмкін.

Базарлар мен көшелерде сапасыз және қауіпті тауар сатуы мүмкін, сондықтан пиротехникалық өнімдерді арнайы сауда нүктелерінен сатып алған жөн.

Есте сақтаңыздар, пиротехника балаларға арналмаған – оны тек ересектер ғана сатып алып, оны пайдалануға болады.

Бала қауіпсіздігі-басты орында екенін ұмытпайық.

 

Жаңа 2021 жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!
Келді тағы жаңа 2021 жыл,
Қуантуға біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!
Тәбие сағаттарынан көрініс.

 

 

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймыз. Аспандарыңыз ашық, денсаулықтарыңыз мықты болсын!

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/883908635710656/ 

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

https://www.facebook.com/100022745829643/videos/883912955710224/ 

Тимирязев қазақ мектеп-интернатының ұжымы Тимирязев ауданының әкімі Нұрлан Маратұлы Кеңесовке дзюдо секциясы үшін аса қажет болып табылатын «Дзюдо-татами» алуда жан-жақты қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіреміз.

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Сол үшін бала бойында ерте жастан спортқа деген қызығушылықты ояту өте маңызды.

Еркебұлан Мұратқанұлы өз ісінің шебер маманы, білікті бапкер,оқушылары үлкен жетістіктерге жетуде. Бапкерге алар асуыңыз әлі алда, оқушыларыңыз жүлделі орындарға жете берсін демекпіз!

Қысқы демалыс уақытында жоспарға сәйкес 4.01-5.01 күндері «Біз салауаты өмір салтын қолдаймыз» және «Ата-анама көмектесемін» атауымен қашықтықтан іс-шаралар ұйымдастырылды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=884237392344447&set=pcb.884237979011055&__cft__[0]=AZVg7fTmK743jeoXvCU4PqAW0VRQzg3xl3RewSnLUTegDqOZr9bfiGh5eQkpDwxvGhbXhvl5f-FFJHpnyV6FVdPe0yFPAe7Y87toLREuPlT6FzqV2BE60IBnmcN6wf1Kuto&__tn__=H-R 

Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат (ZIP 7985 Kb)

Мамандык тандау

Елбасы 11 сынып

Бекітемін
Тимирязев жалпы білім беретін
қазақ мектеп-интернатының
директоры Асанова А.С.

2019-2020 оқу жылына ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жұмыстарының іс-шаралар Жоспары

Іс-шаралар атауы және өткізілу формасы Сыныптар Өткізілу мерзімі Жауаптылар
1 Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі талқылау 9-11 сыныптар Қыркүйек Мектеп әкімшілігі
2 Сандарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі сынып сағаттары 5-11 Қазан Сынып жетекшілер
3 Қоғамдық келісімді нығайту Мұғалімдер мен оқушылар Қазан ТІО тәлімгер
4 Президент Жолдауына арналған стендтерді көркемдеу көрме ұйымдастыру 1-11 сыныптар Қараша Мектеп кітапханашысы
5 Ел болашағы-жастар дебат сайысы Дебат клубының мүшелері Желтоқсан ТІО тәлімгер
6 Қарқынды дамыған және инклюзивтік экономика пікір алмасу 9-11 сыныптар Қаңтар Тарих пәнінің мұғалімдері, сынып жетекшілер
7 Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі Мұғалімдер мен оқушылар Ақпан ТІО, тәлімгер
8 Елбасы Жолдауының басты мақсаттарына бірге жетейік волонтерлар жылы сайыс сабақ 7-9 сынып Ақпан Тәлімгер
9 Насихаттау жұмыстарының қорытындысын шығару 5-11 сыныптар Сәуір – мамыр ТІО, тәлімгер

Тимирязев мектеп–интернатының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін тәрбие жоспары (ZIP 38 Kb)

Тимирязев мектеп-интернатының тәрбие жұмысы (ZIP 11573 Kb)

Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау бойынша жылдық жоспар 2019–2020 оқу жылы (ZIP 25 Kb)

Мақаланы құрған күні 03.03.2020 12:16

Мақаланы жаңартқан күні 17.06.2025 17:36

Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области