Мектеп мұражйы 2023 жыл
Мектеп мұражайы 2022 жыл
Мектебіміздің «Өлкетану» мұражайы
Біздің мектебіміздің мұражайында келесі экпозициялар жинақталып жатыр:
- Ұлттық жабдықтар экспозициясы бөлім. Бұл жерде қазақтың дөңгелек үстелі, бесік, сандық, қобыз, қамшы және мектебіміздің оқушылары жасаған ұлтық киім үлгісі мен қолөнер бұйымдары қойылған.
- «Алтын ұя мектебім» экспозициялық бөлімі. Осында мектептің құрылу тарихы мен біздің мектеп мұғалімдері жасаған әдістемелік құралдар қойылған
- «Тимирязев ауданы» экспозициялық бөлімі. Осында біздің ауданымыз туралы мәліметтер жинақталған. Нақты тоқтала кетсек: ауданымыздың тарихы мен картасы, тарихи-мәдени ескерткіштері туралы ақпарат жазылған
- «Туған елдің тарландары» экспозициялық бөлім. Бұл жерде Солтүстік Қазақстан жерінен шыққан еліміздің алдыңғы қатарлы тұлғалары туралы мәліметтер және олар қалдырған еңбектері жинақталған
- «Ел іші – алтын бесік» экспозициялық бөлімі. Осында Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштері туралы ақпараттар жинақталған
- «Рухани жаңғыру мен Ұлы даланың жеті қыры» экспозициялық бөлім. Осы жерде еліміздің Рухани жаңғыру бағдарламасының мен Ұлы даланың жеті қырының негізгі аспектілері жазылған.
- «Тұңғыш президент, елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» экспозициялық бөлім. Осы жерде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жазған еңбектері жинақталған.
Ары қарай өтсек Ұлы Отан соғысы туралы еңбектер экспозициялары орналасқан. Келесі ҰОС-ның ардагерлері туралы ақпараттар жинақталған. Келесі 1941-1980 жж аралығындағы заттар: фотоапарат, планшет, сағат жинақталған. Келесі 1924 жылдардан бастап әртүрлі төсбелгілер жинақталға
Келесі екі экспозициялық стилаждарда 1944 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі қағаз ақша мен тиындар жинақталған
Келесі экспозицияда еліміздің ең қайғылы беттерінің бірі «Желтоқсан оқиғасы туралы» материалдар жинақталып келеді. Ары қарай біздің мектебіміздің салыну көріністері қойылған. Келесі мектебіміздің оқушылары өз қолдарымен жасаған қолөнер туындылары жинақталған.
Және ең соңғы ол біздің байтақ еліміз, отанымыз Қазақстан Республикасыны туралы ақпарат жазылған.
Мақаланы құрған күні 03.03.2020 12:17
Мақаланы жаңартқан күні 23.06.2025 14:44
































